Жүктілік күнтізбесі
Бірінші апта, негізінен жүктілік деп саналмайды, өйткені етеккірлік қан ағу әлі де болса басталуы мүмкін. Бірақ бұл уақытты есепке алу қажет, өйткені әйелдің ағзасы ықтималды аналыққа белсенді түрде дайындалады.
Әрі қарай оқуӘйел әдеттегідей жаңа өмірдің пайда болу процесін аса қатты байқамайды. Бірақ ағзада эмбрионның қалыптасуы мен дененің болашақ жүктілікке жалпы дайындалу процесі белсенді түрде жалғасады.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің үшінші акушерлік аптасы жаңа ағзаның дамуының ең басы болып саналады. Дәл осы мерзімде ұрықтану іске асты деп санауға болады.
Әрі қарай оқуТөртінші апта – құрсақтағы бала өмірінің айтарлықтай үлкен мерзімі. Ұрықта көптеген өзгерістер болып жатыр және ол белсенді түрде өсуін жалғастыруда.
Әрі қарай оқуЕгер бұған дейін әйел өзінің қызық жағдайын сезіп біле алмаса, дәл осы бесінші аптада етеккір циклі кідіре бастайды да, тест екі айқын жолақты нақты көрсете алады, бұл жүктіліктің бар екенін көрсетеді.
Әрі қарай оқуБала белсенді дамуын жалғастыратындықтан, оның ағзасында бірінші кезекте жүрекке, жүйке түтігіне және басқа да өмір үшін маңызды мүшелерге қатысты маңызды өзгерістер болады.
Әрі қарай оқуҰрық дамуының 5-аптасына сәйкес келетін жүктіліктің 7-аптасында құрсақтағы баланың басы көлемі жағынан белсенді түрде ұлғая бастайды, бұл мидың қарқынды қалыптасуымен түсіндіріледі.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің сегізінші аптасы – өте қуанышты әрі жауапты кезең, өйткені балаңызға толық екі ай болды. Сырт көзге қарағанда ол адамға ұқсайды, әйтсе де басы айтарлықтай үлкен және денесінің қалған бөлігіне қарағанда семметриялы емес.
Әрі қарай оқуТоғызыншы апта – жүктіліктің үшінші айының басы. Осы мерзімде әйелдің ағзасында бала көтерудің бүкіл мерзіміндегі басты өзгерістердің бірі болады: плацента қызмет ете бастайды.
Әрі қарай оқуБолашақ ананы құттықтауға болады: ол жүктіліктің алғашқы межесіне жетті. Эмбрионға бар болғаны 10 апта болғанымен, жеті күннен соң оны ұрық деп атауға болады.
Әрі қарай оқуОсы кезеңде жүктіліктің үштен бір бөлігі артта қалды деп санауға болады. Дәл осы мерзімде эмбрионды ұрық деп атай бастайды және ол дамудың мүлдем жаңа кезеңіне өтіп, белсенді дами бастайды.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің он екінші аптасы – бұл өте маңызды күн, өйткені ол бірінші триместрдің соңын білдіреді. Сәбидің барлық негізгі мүшелері мен жүйелері қалыптасып болды және әрі қарай тек жетіле түседі.
Әрі қарай оқу13-аптада бала күннен-күнге кішкентай адамға ұқсап барады, өйткені бұрындары ол өзінің үлкен басына бола бақашабаққа ұқсас еді. Осы мерзімнен бастап енді денесі белсенді дами бастайды, жүктілік соңына қарай ол басынан бес есе үлкен болады.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің он төртінші аптасы – екінші триместрдің ең басы. Дәл осы 14-апта құрсақтағы балаңызбен сөйлесе бастайтын ең қолайлы уақыт, өйткені ол анасының көңіл-күйін сезе бастайды және даусын естиді.
Әрі қарай оқуОсы мерзімдегі жүкті әйелдердің көбі күш-қуатының айтарлықтай артқанын сезеді. Әйелдер өзінің жағдайы мен күйіне рахаттанып, тіпті іштей нұрлана бастайды.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің 16-аптасына тән алғашқы белгі – ұрықтың аздап қозғалуы. Осы мерзімде УДЗ жасау сізге құрсақтағы баланың жынысын анықтауға көмектеседі.
Әрі қарай оқуОн жетінші апта – бұл жүктіліктің бесінші айы. Әйел алдағы босануды ойлап, алғашқы толқу мен қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Бірақ осы мерзімде айтарлықтай анық сезілетін ұрықтың алғашқы қозғалыстары көп қуаныш сыйлайды.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің он сегізінші аптасы ұрықтың жоғары белсенділігімен сипатталады. Болашақ ана ұрықтың қозғалысын анығырақ сезеді.
Әрі қарай оқуСіз жүктілік мерзімінің жартысына жетіп қалдыңыз және сіздің қызық жағдайыңыз домаланған іштің арқасында айналадағыларға біліне бастады.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің 20-аптасы – құттықтаймыз! Жолдың тең жартысы артта! Жиырмасыншы апта сәби мен ана өміріндегі өзіндік бір өзгерісті кезең болып саналады. Бірнеше аптадан соң бала толықтай қалыптасады және оны өмірге бейім деп санауға болады.
Әрі қарай оқуБрэкстон Хикске сәйкес толғақтың пайда болу мүмкіндігі осы кезең ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Олардың негізгі белгілеріне кенеттен ауырсыну сезімдері немесе іштің аздап түйіліп ауыруы жатады.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің жиырма екінші аптасы – бүкіл жүктілік мерзімінің жартысынан сәл көп уақыт. Анасының жатырында бала толықтай қалыптасты, енді тек анасының тәнінен тыс өздігінен өмір сүруге жетіліп, дайындалуда.
Әрі қарай оқуЖүктілік өз кезегімен өтіп келеді, көптен күткен босану сәтіне де аз уақыт қалды. Өйткені жиырма үшінші апта – тоғыз айдың бес жарым айы емес пе?!
Тиісті МақалаларЖиырма төртінші апта жүктіліктің алтыншы айының аяқталғанын білдіреді. Бұл уақытта әйелдің бар ойы алдағы босануға дайындық пен сәбиін қалай бағатынында.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің алтыншы айы біртіндеп аяқталуда. Сәби анасының ішінде айтарлықтай жақсы дамыса да, ол анасының тәнінен тыс толыққанды өмір сүруге әлі де дайын емес, сондықтан жатырдан тыс өмірге дайындығын жалғастырып келеді.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің жиырма алтыншы аптасынан бастап жүкті әйел гинекологқа жиірек бара бастайды, яғни, шамамен әрбір екі аптада бір рет. Осы мерзімде айтарлықтай көп талдамаларды қайта тапсыруға тура келеді.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің жиырма жетінші аптасы болашақ ананы сәбиімен кездесудің ұзақ күттірген сәтіне жақындата түседі. Босануға дейін әлі біршама уақыт бар, сондықтан осы кезеңде ана мен баламен не болып жатқанын білген қызық болар.
Әрі қарай оқуБолашақ ана жүктіліктің тап осы 28-аптасында декретке шығып, жұмысын тоқтатуы мүмкін. Осы сәттен бастап, ана өз уақытын толықтай өзі басқарып, сәбиге көп көңіл бөле алады.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің соңғы үшінші триместрі басталды, осы кезеңде сәбиіңіз өте жылдам өсіп, дамитын болады. Осы мерзімде босану жайында сөз қозғау әлі ерте болғанымен, босанып қалсаңыз, бала өмір сүруге қабілетті, өйткені ол толық қалыптасқан.
Әрі қарай оқуӘйелдің жүкті екенін білген сәтінен бері айтарлықтай көп уақыт өтті. Міне, отызыншы апта да келіп қалды, босану сәті де жақындай түсті.
Әрі қарай оқуБолашақ ана босану сәтіне жақындай түсті. Әйелдің ағзасы сәбидің дүниеге келуінің алдағы қиын процесіне белсенді физикалық әрі психологиялық дайындықты бастайды.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің 32 аптасы – анасы да, сәбиі де алдағы босануға дайындала бастайтын жауапты уақыттың басы. Осы мерзімде бала жатырда босану жолдарымен жылжу ыңғайлы болатындай орналасады. Әрине, басын төмен қаратып жатқаны жақсы.
Әрі қарай оқу33-апта жүктіліктің сегізінші айының басталғанын білдіреді. Болашақ ана сәбиге қажетті барлық заттарды сатып алуға қамдануы қажет.
Әрі қарай оқуОсы мерзімде әйелдердің көбі сәби денесінің қай бөлігімен жатыр қабырғасын итеретінін айқын көреді. Бала басын немесе жамбасын тіреген кезде іштің сол жерлеріндегі дөңестер айқын көрінеді. Бала үшін іш тар болғандықтан, осындай құбылыстар болады
Осы мерзімде сәбилердің көбі басын төмен қаратып орналасады. Бұл босануға ғана септігін тигізіп қоймай, сәбиге де көбірек жайлылық сыйлайды.
Босану сәті күннен күнге жақындап келе жатқанына қарамастан, сәбиіңіз ана тәнінен тыс толыққанды өмір сүруге дайындалу үшін белсенді өсіп, дамуын жалғастырады.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің отыз алтыншы аптасы босануға толық сәйкес келетін сәт деп саналады, өйткені ана жатырындағы сәби толық мерзімі жеткен деп саналады. Сондықтан әйел өзін кез келген сәтте босанып қалатынына дайындауы қажет.
Әрі қарай оқуӘйел құрсақтағы сәбиімен кездесуді асыға күтуде, өйткені ол кез келген сәтте дүниеге келуі мүмкін. Ешбір жағдайда қорқынышқа берілмеңіз немесе дүрлікпеңіз, өйткені бұл босануды тек қиындата түседі.
Әрі қарай оқуДәл 38-апта сәбидің дүниеге келуінің ең ықтималды сәті болып саналады. Алайда, әйелдердің аз ғана проценті дәл осы мерзімде босанады. Көптеген әйелдер бір апта бұрын немесе бір апта кеш босанады.
Әрі қарай оқуГинеколог белгілеген болжамды босану күні өтіп кетті, ал сіз әлі босанбадыңыз. Уайымдайтын еш нәрсе жоқ, өйткені баланың нақты қай күні біткенін ешкім білмейді, сондықтан босану күні біршама созылуы мүмкін. Ең бастысы, бұған алаң болмаңыз және өз сезімдеріңізге құлақ түріңіз.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің қырқыншы аптасында әйел баласымен кездесу үшін күн санап, тіпті сағат та санап кетеді. Бірақ бұл мерзім де мерзімнен артық жүктіліктің белгісі болып табылмайды.
Әрі қарай оқуБосанатын болжамды күн артта қалса да, кейбір әйелдер 41-аптаға дейін бала көтеріп жүреді. Бұл гинекологтың босанатын болжамды күнді дұрыс есептемегенін немесе баланың анасының ішінде көбірек жатқысы келгенін білдіреді.
Әрі қарай оқуТіпті, осындай кеш мерзімді де мерзімнен артық жүктілік деп санауға болмайды. Мұндай диагнозды тек 43-аптадан бастап қояды. Сізге жүктіліктің мерзімін дұрыс анықтамаған-ау шамасы, әйтсе де балаңыз толық қалыптасып, үлкен әлеммен кездесуге әдбен дайын.
Әрі қарай оқуЖүктіліктің 31-ші аптасындағы талдамалар
ТолығырақЖүктілік және жұмыс
ТолығырақЖүктілік дамиды
ТолығырақБосанғанға дейінгі алғашқы қабылдаудан не күтуге болады, дәрігерге қандай сұрақтар қою керек
ТолығырақЖүктілік кезінде қалай тамақтану керек. Диета: қолдаймын және қарсымын
ТолығырақІш қату кезінде не істеу керек
ТолығырақБалаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.