Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 21-аптасы

Жүктіліктің алтыншы айында бала белсенді өсіп, салмақ қосады. Осы сәттен бастап оның бойын КТР-мен емес, сантиметрмен өлшеуге болады.

Жүктіліктің 21-аптасы кезіндегі болашақ ананың қал-жағдайы

Брэкстон Хикске сәйкес толғақтың пайда болу мүмкіндігі осы кезең ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Олардың негізгі белгілеріне кенеттен ауырсыну сезімдері немесе іштің аздап түйіліп ауыруы жатады Бұл жөнінде уайымға салынбаңыз, өйткені осылайша әйелдің ағзасы босануға дайындалады. Қолыңызды ішке апаратын болсаңыз, бұлшықеттің ерекше жиырылуын сезе аласыз – бұл жатырдың жаттығу жасап жатқаны. Уақыт өте толғақ қарқындылығы одан бетер қатты болады, алайда бұны шынайы толғақпен шатастырып алмаңыз. 
Бұдан бөлек, жүктіліктің алтыншы айында ісіну күшеюі мүмкін. Негізінен ол тобық пен саусақтардың ісінуі түрінде байқалады. Бұл бүйрекке түсетін күштің артқанынан туындайды. Сонымен қатар ағзаның плацентаға арналған қоректік зат ретінде ұстап қалатын сұйықтықтың себебінен де болады. Міне, сондықтан да жүктіліктің 21-аптасында әйел рационын мұқият қадағалап, тұзды тамақты азырақ жегені дұрыс, өйткені тұз ағзада артық сұйықтықтың кідіруіне септігін тигізеді. 
Болашақ ана осы кезеңде аяқтағы сіңірлері тартыла бастауына дайын болуы қажет. Ол көбінесе кешке қарай байқалып, қатты жайсыздық тудыруы мүмкін. Бұл қиындықты оңай жеңу үшін сізге тағамға Е дәруменімен, кальциймен және магниймен қаныққан өнімдерді барынша көп пайдалану қажет болады. Осындай тамақтану бұлшықетті босатып, сіңірдің тартылуына жол бермеуге көмектеседі.

Жүктіліктің 6-айында ұрықтың дамуы

Жүктіліктің жиырма бірінші аптасы ұрық дамуындағы белгілі бір шекара болып саналады – осы сәттен бастап бала ана ағзасынан тыс өмір сүре алады. Алайда, ұрықтың ішкі мүшелерінің қалыптасуы толық аяқталғанына қарамастан, олар толыққанды жұмыс істей алмайды. Баланың бойы 26 см, ал салмағы 0,5 кг жетуі мүмкін, бірақ өкпе әзірге дамымаған, ал жылу реттеу қызметі даму үстінде. 
Жүктіліктің алтыншы айында ұрық белсенді өсуін жалғастырады. Терінің беті шелмайдың жиналуы арқасында қызғылт түсті, сондай-ақ бұрынғысына қарағанда жазыла түседі. Оған қоса, шелмайдың жиналуы термореттелуді жақсартады және бала дененің тұрақты температурасын ұстап тұруға қабілетті. Осы кезеңде бала денесінің келбеті біртіндеп жұмырлана бастайды.
Миы қарқынды дамиды. Ұрықтың қозғалу үйлесімі жақсарады, болашақ ана баланың қалай қозғалатынын айқын сезеді. Сәби ана жатырында қағанақ суының арқасында еркін қозғалады және жан-жағына бұрыла алады. Алайда, осы кезеңдегі аса қатты белсенділігі босану кезінде қиындық тудыруы мүмкін, өйткені бала бұрылғанда кіндікке оралып қалуы мүмкін.
Орталық жүйке жүйесі де белсенді дамиды. Баланың терең ұйқысы тәулігіне 15 ретке дейін сергек күймен алмасуы мүмкін. Ұрық белсенді болғанда (бұл ересектердің үстіртін ұйқысына ең ұқсас күй) тамыр соғуы жиілейді, «тыныс алу» қарқындырақ болады, ал бұлшықет жиырыла бастайды. Баланың тап осындай ояу болған кезінде жүкті әйел оның қозғалғанын сезеді. Ұрық қатты ұйқыға кеткенде, керісінше, жүрек қағысы мен «тыныс алуы» баяулайды, бұлшықет жиырылмайды.
Жүктіліктің алтыншы айында баланың тілінде татым бүршіктерінің қалыптасу кезеңі басталады. Жақын арада ол дәм түрлерін – тұзды, тәтті, ащы, қышқыл дәмдерді сезе алады. Сондай-ақ ұрықтың инфекциялық ауруларға төзімділігін арттыратын лейкоциттердің пайда болуымен иммундық жүйе қалыптаса бастайды. 
Жүктіліктің 21-аптасында плацентаның қалыңдығы – шамамен 23 см, ол әлі де өз қызметін атқарып келеді.

Жүктіліктің 21-аптасындағы зертханалық талдамалар

Мамандар осы мерзімде ультрадыбыстық зерттеуден өтуді ұсынады – ол баланың бойы мен оның дамуын, сондай-ақ ұрықтың өлшемі мен ішкі мүшелерінің дамудың осы кезеңіне сәйкестігін тексеруге көмектеседі. Емшарадан өткен кезде дәрігер болашақ ана мен баланың ықтималды қауіп-қатерлерін анықтайды. 
Жүктіліктің дәл осы 21-аптасында құрсақтағы баланың жынысын біле аласыз, ол үшін ұрық зерттеу кезінде дәрігер оны анықтай алатындай бұрылуы тиіс. Маман сондай-ақ ұрықтың қозғалу белсендігін бағалап, жүрек қағысын тыңдап, жүкті әйелдің жатырын қарап шығады. Бұл плацентаның қай жерде бекітілгенін анықтауға мүмкіндік береді, оның сәби өлшемдеріне арақатынасын анықтап, қағанақ суының қандай күйде екенін бағалайды. Бұл зерттеуден бас тартпау керек, себебі осы мерзімде туа біткен патологияны дәл анықтау мүмкіндігі бар. 
Бұрын өткен скринингтік талдамалар әдетте осы уақытта өңделіп, дайын болады, сондықтан оның нәтижелерін біле аласыз. Көрсеткіштерді толық түсіну үшін олар бір суреттегі барлық маркерлерді (еркін эстриол, АФП, АХГ) біріктіретін арнайы бағдарламамен бағаланады. 
Сізді тексеріп жүрген маман осы талдамалардың нәтижелерін дайындау кезінде жасыңызды, салмағыңызды, генетикалық ерекшеліктеріңізді, балалар санын және т. б. міндетті түрде ескереді. 
Қосымша талдамалар өткізу қажеттілігі жайында сізге басынан бастап жүктілігіңізді жүргізген дәрігерден сұрап білу қажет.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView