Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 18-аптасы

Жүктіліктің он сегізінші аптасы ұрықтың жоғары белсенділігімен сипатталады. Ана сәбиінің құрсақта жатып аяқ-қолын қимылдатып, итергенін және айнала қозғалғанын міндетті түрде сезеді. Бала ояу кезінде айналасындағы кеңістікті белсенді зерттейді. Сәби қозғалғанда оның тамырының соғуы жиілеп, артериялық қысымы көтеріледі. Бұл ұрыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Керісінше, осы сияқты белсенді уақыт өткізу сәбидің дамуына, атап айтқанда – бұлшықеті мен миының дамуына көмектеседі.

Әйелдің жағдайы

Болашақ ана ұрықтың қозғалғанын барған сайын анық сезеді. Әзірге оның қозғалысы ішті ішкі жағынан нәзік сипағанға ұқсайды және күні бойы осылай жалғасады. Әйел отырғанда немесе тұрып тұрғанда сәби ерекше белсенді қозғала бастайды. Жаяу жүргенде баланың қозғалысы бәсеңдейді, өйткені анасы жүргенде оны тербетіп, ұйықтатады. 
Жатыр көтеріле береді, ал іш шыға бастайды. Кейбір жүкті әйелдердің кіндігі алға шығып, тері созылғанынан жарыла бастайды (тері созылуынан пайда болатын қоңыр немесе қызыл түсті қара жолақтар). Созылу мөлшері мен өлшемі іш өскен сайын ұлғая түседі. Сондықтан осы жолақтарды жоятын немесе оларды ашық түске айналдыратын арнайы крем сатып алған дұрыс болады. 
Кейбір әйелдердің тыныс алуы қиындайды. Бұл қалыпты жағдай, өйткені өсіп келе жатқан іш өкпенің еркін қызметіне әсер ететін көкетке баса бастайды. Тыныс алудағы қиындықтар бала босану алдындағы соңғы апталарда (бірінші жүктілікте) немесе күндерде (қайтадан жүкті болғанда) төмен түспейінше жалғаса береді.

Баланың даму ерекшеліктері

Сәбиіңіз өзінің белсенді дамуын жалғастырады. Бойы 20 сантиметрге, ал салмағы 200 грамға жетуі мүмкін. Баланың денесі аяғына дейін қалыптасты және де енді басы үйлесімсіз дәу болып көрінбейді. Ұрық қалыпты дамығанда 18-аптаға қарай аяқ-қолы бірқалыпты дамиды және оның тырнақты саусақтары айқын көрінеді. 
Осы кезеңде табанның қалыптасуы аяқталады. Көп жағдайда оның ұзындығы 2,5 сантиметрге жетеді, ал сан мен сирақтың арақатынасы бүкіл өмір бойы сақталады.
Ұрық өсіп келе жатқандықтан, ол анасына өзінің бар екенін білдіріп, белсенді тебе бастайды. Алайда, әйел бұрынғыдай баласының бүкіл қозғалысын байқай алмайды, сондықтан қозғалу жиілігін есептеудің еш маңызы жоқ.
Бірінші анық қозғалған күнді есте сақтаған дұрыс, осы сәттен бастап ұрықтың күнделікті қозғалуын қадағалап отыру қажет. Ұрықтың қозғалуының нақты санын арнайы аспаптар ғана есептеп бере алады. 
Ұрықтың жыныс мүшелері толық қалыптасты, әйтсе де ұлдардың атабезі бұрынғыдай құрсақ қуысында болады. Қыздардың жыныс мүшелері анағұрлым анық ажыратылады: мұқият қараған кезде қалыптасқан барлық сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін көруге болады. 
18-аптада плацента толыққанды жұмыс істейді және өзінің негізгі қызметін атқарады: сәбиге анасының ағзасына түсетін қоректік заттарды қамтамасыз етеді. Ұрық үшін осы аса маңызды мүшенің қалыңдығы 22 мм құрайды. Сондай-ақ плацента ананың денесін босануға дайындауға және бала көтеруге септігін тигізетін жүктілік гормондарын бөліп шығарады.

УДЗ және сәбидің жынысы

Осы мерзімде УДЗ жасауды жоспарлаған болсаңыз, сізге сәбиіңіздің жынысын 100 процент кепілдікпен айта алады. Құрсақтағы баланың жынысын анықтаудың басқа да халық әдістері бар: анасының сырт келбетіне, іштің пішініне және басқа да жанама белгілерге қарап анықтайды. Алайда, жынысты анықтаудың осындай әдістеріне сенбеу қажет, өйткені олардың ғылыми негізі жоқ. Оларды көңіл көтеру деп қана қабылдау қажет. 
18 – 22 апта аралығында гинеколог болашақ анаға ұрық пен оның дамуын зерттеуге бағытталған екінші жоспарлы УДЗ тағайындайды. Зерттеу жасау кезінде ата-аналар сәбидің белсенді қозғалысын, тіпті бет-аузын тыжырайтқанын да көре алады. 
Бірақ УДЗ-ның басты мақсаты даму патологиясын және хромосомалық ауруларды жоққа шығару, сондай-ақ жатыр мен плацентаның жағдайын бағалау болып табылады. Зерттеу жасау кезінде дәрігер баланың негізгі параметрлерін (маңдай-желке өлшемін, жамбас пен иық сүйегінің, білек пен балтырдың ұзындығын) өлшейді. Осы деректер бойынша бала даму жағынан артта қалып қоймағанын анықтауға болады.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView