Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 8-аптасы

Әйелдің сезімдері

Сегізінші аптада болашақ ана әдеттегідей эмоциялық күйде жүреді. Ол аса қызбаланып жүргендіктен, жақындары жүкті әйелдің көңіл-күйінің күрт өзгеруінен зардап шегуі мүмкін. Осының барлығы – ағзаға гормондардың әсер ету нәтижесі. 
Әйелдің сырт келбеті өзгергені жалғаса береді. Болашақ ана салмақ қоса бастайды, қызыл иекте проблемалар пайда болуы мүмкін, ал емшек ұшының ареолалары ерекше қалыңдай түседі (бұл патология емес, ол тек тер бездерінің ұлғаюы). 
Әйелді токсикоз әлі де болса мазалайды. Бірақ қатты шаршағыштық пен жүректің айнуы әйелді бар болғаны бірнеше апта ғана мазалайтын болады. Жүктіліктің алғашқы белгілерінен айықса да, тамаққа деген ерекше талғамы пайда болады. Оларды түсіністікпен қабылдау қажет, өйткені болашақ ананың ағзасы осы сәтте балаға көбірек жетіспейтін азық-түлікті өзі талап етеді. Мысалы, кейбір әйелдер сыраға қатты жерік бола бастайды. Бұл ағзаға В дәруменінің жетіспейтінін білдіреді. 
Әйелге гастрономиялық талғамдары бойынша рационында нақты қандай микроэлементтің немесе дәруменнің жоқ екенін анықтап үйренгені абзал. Бұған білікті дәрігер көмектесе алады. Көп жағдайда бұл мерзімде ағзаны барлық қажетті заттармен қанықтыратын полидәруменді кешенін тағайындайды, бірақ фолий қышқылын қабылдау 12-аптаға дейін жалғасады. 
Токсикоз басылған уақыттан бастап жүктіліктің ең жағымды кезеңі басталады. Әйел құлпырып кетеді: тері мен шаштың күйі жақсарады, тырнағы қатаяды, тіптен дауысы да әуенді болады. Дене пішімі домаланып, омырауы қатты ұлғаяды, ал белі әлі де өз қалпында болады.

Болашақ сәбидің сыртқы келбеті

Эмбрионның жүйке жүйесінің дамуы жалғасады. Ми жұлыннан бөлінеді, соның ішінде алғашқы бөлімдер – мишық пен сопақша ми қалыптаса бастайды. Бұл өзгерістер сәбидің жоғары белсенділігіне алып келеді, бірақ анасы қозғалғанын әлі сезбейді. Сәби басын бұрып, аяқ-қолдарын бүгіп-жазыр қимылдай бастайды. 
Сырт көзге қарағанда бала адамға ұқсағанымен, басы әдеттегідей денесінен әлдеқайда үлкен, бірақ бет әлпеті айтарлықтай анық көрінеді. Көз бен құлақ қалқанының қалыптасуы жалғасады, ал мұрны мен мұрын жолдары айқын көрінеді. 
Эмбрионның қолында тырнақ біткен саусақтар көрінеді, ал аяғы шамалы баяу дамиды да, сырт көзге қарағанда күрекшеге көбірек ұқсайды. 
Құрсақтағы бала өмірінің алғашқы айында-ақ қалыптаса бастаған жыныс мүшелері мен жүйелері дамуын жалғастырады. Алайда, агрессивті сыртқы факторлардың әсерінен жыныс жүйесі мүшелерінің және жыныс белгілерінің қалыптасуы бұзылуы мүмкін. Сондықтан, жүкті әйел гормондық бұзылысқа жол бермеуі қажет.

Жүктіліктің 8-аптасындағы УДЗ

Көп жағдайда барлық жүкті әйелдер алғашқы УДЗ-ны сегізінші аптаға дейін өтіп қояды. Егер даму патологиясының қаупі бар болса немесе оған қатысты күмән туындаса, дәрігер қосымша ультрадыбыстық зерттеуді тағайындауы мүмкін. Мониторда сәби аяқ-қолын қалай қозғалтатыны айқын көрінеді, сондай-ақ жүрегінің қағысы анық естіледі.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView