Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 40-аптасы

Ананың қал-жағдайы

Гинекологқа уақтылы бару және мерзімнен артық жүктіліктің белгілерін уақтылы анықтауға қабілетті барлық талдамаларды өткізу маңызды, сонда дәрігерлер тиісті шаралар қолданып, босануды ынталандырады. 
Осы кезеңдегі басты диагностикалық әдіс УДЗ болып табылады, ол қағанақ суының көлемі мен жағдайын, нәресте денесінің майлану көлемін, сондай-ақ ұрықтың басқа да даму ерекшеліктерін көрсетеді. Осы зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, соңғы шешім қабылданады: табиғи босану процесін күту немесе оны ынталандыру. 
Ерекше ауыр жағдайларда дәрігерлер қатаң түрде кесар тілігін жасауды ұсынады, өйткені мерзімнен артық жүктілік ана үшін де, ұрық үшін де қауіпті. Егер әйел дәрігердің кеңесіне жүгінбесе, әйелде асқыну пайда болып, балада гипоксия дами бастайды, ал анасынан қан кете бастауы мүмкін. 
Босануды ынталандырудың халық әдістері де бар. Бір бокал шарап ішуге болады немесе жатырды тонусқа келтіру үшін жыныстық қатынасқа түсуге болады. Тобықтың ішкі жағын басу және емшек ұшын ширықтыру да осындай әсер береді.

Бала өзін қалай сезінеді?

Дәл осы қырқыншы апта жүктіліктің аяқталуы болып табылады. Ұрықтың бойы мен салмағы қажетті межеге жетті, ал оның мүшелері өздігінен өмір сүретіндей толық қалыптасты. Алайда, сәбиге анасының жатыры өте тар, сондықтан ол әлдеқайда аз қозғалады. Егер ана ұрықтың қозғалуын толық сезбей қалса, бұл жөнінде дереу дәрігерге хабарлау қажет. 
Қырқыншы аптада плацента жұмысын толық дерлік тоқтатады және ұрық оттектің жетіспеушілігін қатты сезе бастайды. Бұл мидың, жүректің және қалған мүшелердің қызметінің бұзылуына алып келуі мүмкін, сондықтан ұрыққа кері салдары тимес үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. 
Плацента тозуын жылдам жалғастыратындықтан, ол енді сәбиге агрессивті сыртқы ортаның әсерінен сенімді тосқауыл қызметін атқара алмайды. Сондықтан әйел жылдам босанып алуы қажет, сонда сәби инфекцияның және ауру тудырғыш микроағзалардың әсеріне ұшырамайды.
Босану қалай басталады?
Босану басталатын сәтке дейін санаулы күндер немесе санаулы сағаттар қалды десе де болады. Босанудың басталғанын білдіретін анық белгілер бар:
Іштің төмен түсуі. Сәби босану жолдарына өтуге дайындалып, жамбасқа қарай төмен түсе бастайды. Бұл әйелдің еркін тыныс алуына, қыжылдың басылуына алып келеді, бірақ жиі зәр шығару мен дефекация басылмайды.
Ас қорытудың түрлі бұзылыстары, іштің өтуі немесе лоқсу, бұлар да жақын арада босануды білдіруі мүмкін.
Әйелдердің көбі босану алдында тәбеттерінің азайғанын және бірнеше килограмм салмақ жоғалтқандарын байқайды.
Жүкті әйелдердің көбі күш-қуаттарының артқанын сезеді, дүниеге келетін баланың барынша жайлы жағдайда болуы үшін өз үйін жайғастыра бастайды.
Шырышты тығынның шығуы. Егер әйел тізкиімінде үлкен және қою шырышты кесекті анықтаса, онда тығын кетіп, босануға сәл-ақ уақыт қалғанын білдіреді. Әдеттегі бөліндіден шырышты тығынды ажырату оңай: оның көлемі шамамен екі ас қасықтай, ал консистенциясы айтарлықтай қою болады.
Жақындап қалған босанудың ең маңызды белгісі толғақ болып табылады. Нағыз толғақты жалған толғақпен шатастырып алмау маңызды. Ерекшелігі нағыз толғақ ауыртып келеді де, біртіндеп жиілей түсіп, толғақ арасындағы уақыты бірдей болып келеді. Бұны тексеру үшін бөлме ішінде жүріңіз, төрт аяқтап тұрыңыз немесе душ қабылдаңыз. Егер жайсыздық сезімі басылса, онда босануға дейін тағы шамалы күте тұру қажет.

УДЗ жасау

Әдетте егер мерзімнен артық көтерген жүктілікке күдік болса ғана осы мерзімде УДЗ тағайындайды. Тек осы зерттеу ғана жатырдағы сәбидің жағдайының қандай екенін көрсете алады, қағанақ суының сапасы мен көлемін, жатыр мен мойынның жағдайын және плацентаның тозу дәржесін бағалауға мүмкіндік береді. 
Дәрігер ұрықтың өлшемін және ішкі мүшелерінің даму дәрежесін растайды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуінің тиімділігін кезекті рет бағалайды. 
Болашақ ана оның дүниеге келетін сәбиінің суреттердегі томпақ нәрестелерден өзгеше болатынына дайын болуы тиіс. Сөзсіз, әрбір ана өз баласын ең әдемі деп санайды, бірақ кейбіреулер баласымен алғаш рет кездескенде сәбиінің өз ойындағыдай болып шықпағанына көңілі толмайды. Дүниеге жаңа келген баланың терісі әлі де болса қызыл және әжім-әжім болады, ал денесін түк басуы мүмкін. Бірнеше күн өткен соң, артық түктер түсіп қалады, терісі тегістеледі, сонда сәбиіңіз әлемдегі ең сүйкімді балаға айналып шығады. 
Босанғаннан кейін сәбиді ананың ішіне немесе кеудесіне бірден жатқызады, содан кейін ғана жуындырып, майдың қалдығын сүртіп және инфекцияның дамуына жол бермеу үшін көзге арнайы тамшы тамызады. Сәбиіңізге оның аты (егер атын ойлап қойған болсаңыз), бойы, салмағы, сондай-ақ дүниеге келген күні мен уақыты көрсетілген арнайы бирка тағады.

 

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView