Болашақ ананың қал-жағдайы
Ананың іші үнемі өсіп отырады, сол себепті әйел үшін әдеттегі жұмысты жасау және еңкею қиынға соғады. Әйел әлі де өзінің күш-қуатының артқанын сезетініне қарамастан, 24-аптадағы жүктілік барысында бас ауруы, аяқтың тартылуы мен шаршағандық сезімі және арқасы мен белінің тартып ауыруы сезілуі мүмкін.
Бала өте белсенді тебе бастайды және оның кенет қимылдары кейде анасының ішін ауыртуы мүмкін. Бұл жағымсыз сезімді бүйіріңізге жантаю немесе жүкті әйелдерге арналған арнайы матрасқа жату арқылы басуға болады.
Әйел де белсенді салмақ қоса бастайды. Шамамаен, болашақ ананың салмағы апта сайын жарты килограмға артып отырады. Дене салмағының артуы шаршағыштыққа, жұмысқа деген зауқының жоқтығына және қозғалыс икемсіздігіне алып келеді. Ол жайында мүлдем қамықпаңыз. Барлық ауырсыну мен икемсіздік сезімдері босанғаннан кейін басылады.
Осы мерзімде жатыр түбі кіндік деңгейінен шамамен бес сантиметр жоғары орналасып, өсуін жалғастыра береді. Оған қоса, осы бұлшықетті орган созыла бастайды, себебі қағанақ суының көлемі біртіндеп ұлғайып, 400 мл жетеді.
Жүктіліктің 24-аптасына жеткен әйелдердің көбін қыжыл мазалайды. Оған асқазанды басып тұратын және асқазан сөлінің өңешке шығарылуын қоздыратын өсіп келе жатқан жатыр себепкер. Бұдан бөлек, ентігу де пайда болуы мүмкін, өйткені өкпе ауаның қажетті мөлшерін алу үшін толық ашыла алмайды.
Болашақ ана рахаттану гормонын шығаруды қоздыратын жағымды эмоцияларды мүмкіндігінше көбірек алуы қажет. Олар балаға беріледі, ол ана мен бала арасындағы берік эмоциялық байланысты нығайта түседі. Сондықтан, мүмкіндігінше көбірек серуендеп, табиғатқа сүйсініп, ұнайтын музыканы немесе табиғат дыбыстарын тыңдау қажет.
Сәбидің дамуы
Жүктіліктің 24-аптасында бала күннен күнге нәрестеге ұқсап келеді. Бойы 30 см жетті, ал салмағы шамамен 600 грамды құрайды. Шелмайдың жиналуы жалғасады, сондықтан бет әлпеті мен дене кескіні жұмырлана түседі. Сәбидің қасы мен кірпігі айқын көрінеді. Баланың денесі әлі де болса арнайы маймен қапталған, бірақ ол түсін біртіндеп ашық қызылдан қызғылт түске өзгертіп келеді.
Осы мерзімде сәбидің ағзасында маңызды өзгерістер басталады: өсу гормоны шығарыла бастағандықтан ұрық өте белсенді өсе бастайды.
Сәбиіңіздің барлық сезім мүшелері толық қалыптасты. Ол көре аладыі, ести алады, түрлі дәмдерді сезіп, жанасуды немесе ауырсынуды сезе алатын болды. Ми дамуын жалғастырады, сондықтан сәби кез келген сыртқы тітіркендіргіштерге қатты белсенділік танытады. Ананың ішінің қасында жарық қосылатын болса, сәби бетін тыржитып, басын кері бұрады, ал қатты дыбыстар жатырдағы баланы селк еткізеді.
Ана қандай да бір теріс эмоцияларға берілмеуі тиіс, өйткені сәби осының барлығын сезеді де, әлеуетті қауіптен құтылуға тырысып, белсенді түрде қимылдай бастайды. Бала анасына қарағанда эмоцияға төзімсіз, сондықтан жағымсыз сыртқы тітіркендіргіштер оған аса қатты әсер етеді, ал үнемі күйзелістің әсерінде болғаны жүйке жүйесі дамуының бұзылуына алып келуі мүмкін.

Өсіп, дамуды қоспағанда, сәбидің ағзасы алдағы босану сәтіне дайындала бастайды. Миында босану қызметіне түрткі беретін заттектерді (окситоцин мен вазопрессинді) шығара бастайтын гипофиз толық қалыптасып алған.
Егер бұрындары балаңыздың жүрек қағысын ести алмайтын болсаңыз, енді бұны гинекологтың әдеттегі қабылдауында ести алатын боласыз. Бала жүрегінің қағысы стетоскоптың көмегімен анық естіледі, сондықтан дәрігерден балаңыздың жүрегін тыңдап көруді сұрасаңыз болады.
Гинекологтың қабылдауында жатырдың күйі мен өлшемін ғана бағалап қоймай, кеш токсикоз белгілерінің бар-жоғын анықтауға тырысады. Осының симптомдарына жоғары қысым, зәр құрамындағы ақуыз бен аяқ-қолдың әрдайым ісінуі жатады. Егер осы симптомдардың біреуі анықталған болса, онда ол жүкті әйелдің дәрігерге жиі баруы қажет екенін білдіреді, сонда теріс салдарға жол берлімейді.
УДЗ жасау
Жүктіліктің 24-аптасына қарай болашақ аналардың көбі екінші жоспарлы ультрадыбыстық зерттеуден өтті. Сирек жағдайларда емшараны қайталап тағайындауы мүмкін, бірақ бұған алаңдайтын еш нәрсе жоқ. Осы зерттеу сәбиге ешқандай қауіп төндірмейді, есесіне дамудағы маңызды ақауларды анықтауға қабілетті. Бұған қоса, УДЗ көмегімен сәбидің дамуы: денесінің өлшемдері, ішкі мүшелердің күйі, жүрек қағысының күші мен қозғалу белсенділігінің қарқындылығы туралы барлығын білуге болады.
УДЗ кезінде жатырдың күйі де міндетті түрде бағаланады. Дәрігер осы мүшенің өлшемдерін өлшейді, жүктілік мерзіміне сәйкестігін анықтайды, плацентаның орналасуына және оның өлшеміне ерекше көңіл бөле отырып, оны мұқият тексереді, сондай-ақ қағанақ суының сапасы мен мөлшерін бағалайды.
Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.