Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 26-аптасы

Ең бірінші кезекте – құрамындағы темір мен глюкоза мөлшерін білу үшін тапсырылатын қан талдамасы. Егер әйелдің резус-факторы теріс болса, резус-қайшылықтың туындау мүмкіндігінің бар-жоғын анықтау үшін антиденеге қосымша талдама жасауға тура келеді. Сондай-ақ гинекологыңыздан босануды ынталандыру және толғақты ауырмайтындай етудің мүмкіндігі мен қажеттілігі жайында біліп алу ұсынылады.

Жүкті әйел қандай сезімде болады?

26-аптада әйелде жаңа физикалық және психологиялық сезімдер пайда болады, бірақ алдыңғы апталардағы симптомдар да сақталады. Мысалы, ағзада артық сұйықтықтың жиналуы нәтижесінде аяқ-қолдары әлі де ісінуі мүмкін. Дене қалпын аяқ-қолға түсетін күш барынша аз болатындай ұстау қажет. Жатқан кезде аяқты жүрек деңгейінен жоғары көтеріп, сондай-ақ ісінуді басу үшін қолды көтеріп, оны бірақ сілкіп тұруға болады. 
Кейбір әйелдерде аяқ-қолда қан айналымы жеткіліксіз кезде әдетте пайда болатын ұйып қалғаннан кейін шымырлау сезімі пайда болады. Алайда, бұл құбылыс анаға да, ұрыққа да, ешқандай қауіп төндірмейді, бірақ дене қалпын өзгертсе, жайсыз сезімдер жоқ болып кетеді. 
Бала белсенді қимылдайды, бұл ананың ішін ауыртуы мүмкін. Егер анасы шамалы бүйірімен жатса, ауырсынуды жеңілдетуге болады. Егер қасындағы адамдар жүкті әйелдің ішіне қолдарын қойса, олар да баланың қозғалғанын сезе алады. Жүкті әйелдің түнде ұйықтауы ыңғайсыздық тудырады. Егер түнде ұйықтай алмасаңыз, жастық жастанып көріңіз. Жастықты аяқтың арасына және белге қоюға болады, ал ұйықтағанда сол жақ қырымен жатқан дұрыс. Бұл болашақ әкенің бөлек жатуына алып келуі мүмкін, себебі төсек екі адамға тар болады. 

Құрсақтағы баланың дамуы 

 26-аптаның соңына қарай баланың салмағы 800 грамға жетеді, ал сәбидің өзі белсенді өсіп дамуын жалғастырады. Баланың өсу гормоны шығарыла бастады, сондықтан ұрықтың бойы жылдам өседі де, осы мерзімнің соңына қарай 33 сантиметрге жетеді. 
Бала 26-аптада айтарлықтай жақсы дамыған. Ол денесінің пропорциялары мен қалпын толық сезінеді, дыбыстарды, иіс пен дәмдерді ажырата алады. Бала өте жақсы естиді, оның үстіне төмен дыбыстарды жақсы қабылдайды. Сондықтан ол көбінесе, анасынан гөрі, әкесінің дауысына құлақ түреді. Ал қатты дыбыстар, машиналардың гурілі мен қала шуы сәбиді қорқытып, мазалауы мүмкін. Сәбидің үнемі еститін негізгі дыбысы анасының жүрек қағысы болып табылады. 
Дамудың осы кезеңінде сәбидің тұрақты тістері қалыптасады. Бірақ олар қызыл иектің түбінде жасырынып жатады да, сүт тістері түскен кезде бес-алты жасында ғана шығатын болады. 
Сәби бұлшықет массасын өсіруді жалғастырып, сүйектерін нығайтады. Бала күннен күнге күшейіп келеді, ал оның қимылдары анасының ішін ауыртып, жайсыздық сезімін тудыруы мүмкін. Дәрігерлер ұрықтың қанша рет қимылдағанын есептеуді ұсынады. Орташа есеппен бала он минутта бір рет белсенділік танытуы керек. Егер бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары немесе төмен болса, бұл сәбиге жайсыз және оның қиналып жатқанын білдіреді. 
Осы кезеңде ұл балалардың атабезі ұмаға түседі. Бірақ олай болмаса, уайымдаудың қажеті жоқ. Атабез туғаннан кейін өзінің табиғи күйіне келеді, бұл кейін ұрпақтану қабілетіне кері әсерін тигізбейді.

Босануға дайындықты бастау

Осы кезеңде босануға дайындық курстарына бару жайында біржола анықтап алу қажет. Курстарға жазылуды кейінге қалдырмаған жөн, өйткені сапалы дайындық сабақтарына кезек ұзаққа созылуы мүмкін. Дәл осы себептен дәрігерлер ерте мерзімде курстарға жазылуға кеңес береді. 
Әкесіне міндетті түрде сәбимен тілдесуге мүмкіндік беріп тұрыңыз. Егер ол бұрындары баланың қозғалысын сезбесе, енді ішіңізге қолын тигізсе болғаны, баланың қозғалғанын міндетті түрде сезеді. 
Жүктіліктің осы мерзімінде әйелдердің көбінің шашы мен тырнағының жағдайы жақсарады. Маникюрге және шаштаразға барып, өзіңізге көңіл бөлсеңіз болады. Сұлулық салонына барғанда міндетті түрде балаңызға берілетін жағымды эмоциялар ғана аласыз. Сондай-ақ хош иістермен емдеу және арнайы массаж курсына да баруға болады, бірақ майлардың барлығы жүкті әйелдерге жарай бермейтінін ескерген жөн.

УДЗ зерттеуі

Көп жағдайда екінші жоспарлы УДЗ артта қалып қойды. Бірақ кейде дәрігер ұрықтың дұрыс дамып жатқанына күмәні бар болса немесе ана өзін жайсыз сезінсе, қайтадан тексеруден өтуге кеңес беруі мүмкін. Одан бөлек, егер жүкті әйел осыған дейін УДЗ жасатпаған болса, осы жолы оны міндетті түрде жасайды. 
Емшараны міндетті түрде жасау қажет, себебі бұл сәбидің қалай дамып жатқанын және жағдайының қандай екенін білудің жалғыз әдісі. Осы мерзімде ұрықтың жыныс белгілері айқын көрінеді, бірақ бұл зерттеудің негізгі мақсаты емес. 
Бірінші кезекте дәрігер сәбидің ішкі мүшелерінің даму сатысын бағалайды, жүрек қағысының жиілігін есептейді, сондай-ақ жатырды, плацентаны тексеріп, қанағақ суының жағдайын зерттейді. УДЗ жасаушы дәрігер сәбидің қалыптасу дәрежесін бағалау үшін оның әрбір мүшесін мұқият тексереді. Ұрықтың қаңқасы мен жүйке жүйесіне де осындай мұқият тексеру жасалады. 
УДЗ барысында жатыр, плацента мен қағанақ суы міндетті түрде тексеріледі, себебі болашақта баланың дамуы және ананың денсаулығы мен қал-жағдайы осыларға байланысты.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView