Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 31-аптасы

Әйел өзін қалай сезінеді?

Болашақ ананың ағзасы алдағы дүниеге сәби келтірудің  қиын процесіне белсенді физикалық әрі психологиялық дайындықты бастайды. Психологиялық тұрғыдан әйел құрсақтағы баласына қатысты әр түрлі түстер көруі мүмкін. Бұл түстерге аса қатты мән бермеу қажет, өйткені мазаны қашыратын түстер көп жағдайда анасының ішкі күйін сипаттайды. 
Жүктіліктің 31-аптасында кейбір әйелдердің қызыл иегі қанай бастайды. Бұны ауру немесе қандай да бір көңіл аударуды талап ететін бұзылу деп бағаламау қажет. Қызыл иек гормондардың артуынан және әйел денесіндегі қан көлемінің көбеюінен қатты сезімтал болады. Алайда, бұл процесс созылып, қызыл иектің себепсіз қанауын тудыратын гингивиттің пайда болуына алып келуі мүмкін. Қызыл иек пен тістерде ерекше өңез түзілуі мүмкін, ол ауыз қуысының жеткіліксіз гигиенасын немесе ағзада дәрумендер жетіспеушілігін білдіреді. 
Әйел бұл мәселені босануға дейін шешіп алуы тиіс, өйткені сәби дүниеге келгеннен кейін ана мен бала тығыз байланыста болып, ол баланың жағдайына кері әсер ететін микробтарды беруі мүмкін. Бұл мәселені білікті стоматолог шеше алады. 
Жатыр өте қатты ұлғайды, ал қызыл қан түйіршіктерінің көлемі плазма көлеміне тең. Оған қоса, әйелдің дәретханаға жиі барғысы келіп тұрады, өйткені жатыр қуықты қысады да, жиі зәр шығаруға мәжбүр етеді. 
Дәрігерлер осы мерзімде әйелдерге алдағы босану жайында барлық қолжетімді ақпаратпен белсенді танысуға, арнайы дайындық курстарына барып, тиісті әдебиетті оқуға кеңес береді. Алайда, жағымды әсерлер мен таза ауада серуендеу жайында да ұмытпаған жөн.

Бала қалай дамып жатыр?

Отыз бірінші аптада сәбидің өсуі мен дамуы айтарлықтай жылдам болады. Апта сайын ол кәдімгідей салмақ (шамамен апта сайын екі жүз грамнан) қосады. Осы сәтте салмағы бір жарым килограмға жетеді. 
Сәбидің миы кейін белгілі бір рефлекстерге және іс-әрекетке жауапты болатын орталықтарды қалыптастыра отырып, дамуын жалғастырады. Осы мерзімде сәби миының салмағы ересек адамның ми салмағының төрттен бірін құрайды. 
Бала шелмай жинауды жалғастырады. Бұл тері тонусының дамуына, буын жанындағы қатпарлардың түзілуіне септігін тигізеді, ал дүниеге келген соң термореттегіш процеске жауапты болады. 
Оған қоса, ұрық пигмент жинауды жалғастырады. Шашы көздің түсті қабығы сияқты біртіндеп қараяды. Нәрестелердің барлығында бастапқыда көздері алдымен көк болады, ал бір жасқа жақындағанда олар генмен берілген түске ие болады. Сәбидің көру қабілеті әлі де болса жақсы дамымаған, сондықтан ол жарық пен қараңғыны ғана ажырата алады. Бұл қасиет дүниеге келгеннен кейін де сақталады, ал қоршаған орта түстерін сәби бірнеше айдан кейін ғана ажыратып көре бастайды. Баланың қарашығы ересек адамдағыдай, кеңейіп, тарылып, жарыққа жауап қайтаруға қабілетті. 
Сәбиіңіз біртіндеп жасушалар жинап, ішкі мүшелерінің салмағын өсіруде. Ұйқы безі инсулинді шығара бастауға дайын, ал бүйрек, жүрек, өкпе мен басқа мүшелер қажетті өлшемге жетті.

УДЗ жасау

Жүктіліктің осы кезеңінде әйел үшінші жоспарлы УДЗ жасатуы қажет. Ана сәбиін тағы бір рет көруге қуанатын болады, ал дәрігер үшін бұл – ұрықтың дамуын бағалау және жүктілік ағымы жайында толық көріністі алу мүмкіндігі. 
УДЗ маманы баланың дамуында ауытқу немесе патологиясы бар-жоғын анықтау үшін ішкі мүшелердің күйін тексереді. Сондай-ақ дәрігер ұрықтың көлемін өлшеп, оны жүктілік мерзімімен сәйкестендіреді, бала жүрегінің қағысын тыңдап, оның қалай орналасқанын анықтайды. Сондай-ақ жатырдың, плацентаның және қағанақ суының жағдайы тағы бір рет бағаланады.

 

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView