Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 5-аптасы

Кейбір әйелдерде екінші жолақ қандағы гармондар құрамының аздығынан аса айқын болмауы мүмкін. Бұл жағдайда бірнеше күн күтіп, қосымша тест жасаған немесе АХГ-ге қан талдамасын жасаған дұрыс. Дәл осы соңғы әдіс жүктілікті анықтауда аса ықпалды болып табылады.

Әйелдің сезімдері де өзгереді

Төртінші аптадағы симптомдарға жаңалары да қосылу мүмкін. Көп жағдайда болашақ аналардың басы ауырып, кіші дәретке жиі шыға бастайды. Кейбіреулері ұйқышылдықпен еш күресе алмайды. Барлық осы симптомдар дененің гормондық өзгеруінен пайда болатын ерте токсикоз белгілері болып табылады. 
Жүктіліктің ерте нышандарынан әйелдердің бәрі дерлік  зардап шекпейтінін айта кету қажет. Таңертеңгі уақытта лоқсу мен құсу ең айқын симптомдар болып табылады, алайда бұл да барлығында бола бермейді. Осы симптомдардан зардап шекпейтін әйелдер – нағыз бақытты жандар. Қалғандары тек сабырлық танытуы тиіс: жүктіліктің барлық теріс белгілері 12 апта өткенде басылады. 
Егер симптомдар аса көп қолайсыздық туғызса немесе ағзаны әлсіретіп жіберсе, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Ол токсикоздың кері нышандарымен қалай дұрыс күресу керектігін айтып береді.

Әйелдің ағзасында не болып жатыр?

Болашақ ананың денесінде көлемді гормондық өзгеріс болып жатқандықтан, кейбір мүшелер мен жүйелердің жұмыстары бұзылуы мүмкін. Бірінші кезекте бұл созылмалы ауруларға қатысты. Бесінші аптада олар айтарлықтай асқынуы мүмкін. 
Дене симптомдарын қоспағанда, әйелдің эмоциялық тұрғыдан осалдығы арта түседі, себепсіз ашуланып немесе жабырқап қалуы мүмкін. Өкінішке орай, ғалымдар бұл бұзылу нақты неге байланысты екенін әлі анықтай алмады. Одан басқа, бәріне мәлім «тұздыға» әуестік пайда болады және емшек ұшының сезімталдылығы арта түседі. 
Сырт көзге әйелдің денесі аса қатты өзгере қоймайды, бірақ гормондық өзгеріс нәтижесінде дене параметрлерінің айтарлықтай өзгеруіне алып келеді.

Құрсақтағы баланың түрі қандай?

Эмбрион өзінің белсенді дамуын жалғастырады. Бірінші кезекте бұл болашақта омыртқа мен миға айналатын жүйке түтігіне қатысты. Дәл осы бесінші аптада ол бір жағынан жабылады. Осы процесс сәтті аяқталу үшін әйел фолий қышқылын қабылдауы тиіс. Бұл дәрумендерді қабылдаудан бас тартпаған жөн, өйткені кейін барлық жүйке жүйесінің қалыптасуы соларға байланысты болады. 
Жүйке түтігінің жан-жағынан бұлшықет тіні қалыптасады. Баланың беті де өзгереді: онда болашақта құлақ өсетін орында шұңқырлар қалыптасады, көз бітіп, ауыз бен мұрын орнында саңылаулар пайда болады. 
Бесінші аптада болашақ аналық жасуша мен аталық ұрық, несеп жолдары мен ішектің біте бастауы таңқаларлық. Эмбрионның болашақ аяқ-қолдары біте бастағаны, сондай-ақ, саусақтардың орнындағы бұдырмақтар айқын көрінеді. 
Бесінші аптаның ең басты жетістігі – алғаш соға бастайтын жүрек соңына дейін қалыптасады. Алғашқы қан түйіршіктері мен тамырлар қатар қалыптаса бастайды. Бұл осындай ерте мерзімде құрсақтағы баланың қан тобы мен резус факторын анықтауға мүмкіндік береді. 
Жалпы алғанда, эмбрион сырт көзге С әрпіне ұқсайды, аздаған қағанақ сұйықтығында қалқып жүреді, ал салмағы 5 грамнан аспайды.

УДЗ көмегімен зерттеу

Егер әйел осы мерзімде есепке тұрса, ұрықтың санын және ұрықты жұмыртқаның бекітілген орнын анықтау үшін дәрігер оны міндетті түрде УДЗ-ға жібереді. Осы зерттеу барысында жатырдың жалпы жағдайын бағалап, ықтимал патологияның бар-жоғын анықтайды. 
Алайда, осындай ерте мерзімдегі УДЗ сәбидің салмағын, бойы мен жынысын анықтауға мүмкіндік бермейді, өйткені эмбрион мөлшері әлі де болса кішкентай. Оның орнына сәбидің жүрегін көріп, жүрек қағысын сезуге болады.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView