Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 33-аптасы

Егер де киімдерді алып қойсаңыз, оны міндетті түрде жуып, үтіктеп алу қажет. Сәби өсіп, дамығанша, анасы бос уақытында осындай жағымды істермен айналысатын болады.

Болашақ ананың қал-жағдайы

Құрсақтағы балаға ғана емес, ананың өзіне де жаңа киімдер алып қойған жөн. Бірінші кезекте тостағаншасы ағытылатын емізуге арналған арнайы бюстгальтерді сатып алу қажет. Оған қоса, егер осы уақытқа дейін болашақ аналарға арналған курстарға бармаған болсаңыз, қатыса бастауға кеңес беріледі. 
Өсіп келе жатқан іш күннен күнге үлкен жайсыздық туғызады. Анаға қимылдау, тыныс алу ғана емес, тамақ ішу де қиын. Сондықтан кішкентай порциялармен және жиі тамақтану қажет, сонда асқазан мен ішекке күш түспейді. 
Жүктіліктің осы мерзіміндегі әйелдерге мүмкіндігінше көбірек демалуға кеңес беріледі. Егер ұзақ сапарға шықсаңыз, ұзақ уақыт отырғаннан кейін аяқты жазу үшін жиі тоқтауға тура келеді. 
Жүкті әйелдердің ұйқысы бұзылады. Бұл көп жағдайда сағат сайын дерлік болатын жиі зәр шығарумен байланысты болады. Оған қоса, әйелдің белі де ауыра береді. Бәлкім, болашақ ананың бала дүниеге келгеннен кейін міндетті түрде болатын ұйқысыз түндерге психологиялық және физикалық тұрғыда дайын болуы үшін осылай болуы керек шығар. 
Ауырсыну сезімдерін басу үшін түнге қарай көп сұйықтық ішпеңіз, ал ұйықтар алдында арқаның бұлшықетін босаңсыту үшін жамбасты айналдыра отырып жаттығу жасаңыз. Осы мерзімде жүкті әйелдерге қатты күш түсіретін жұмыспен қатаң түрде айналысуға болмайды.

Сәбидің түрі қандай?

Баланың белсенді өсуі оны жатырда белгілі бір қалыпты қабылдауға мәжбүрлейді, әйтпесе ол әрі қарай да мәз болып аунай берер еді. Шындап келгенде сәби босану жолдарымен өтуге қажетті қалыпта жатады: басын кеудесіне жақындатып еңкейтеді, ал аяқ-қолдарын денесіне жинал алады. 
Жатырда балаға орын жетіспеуі оның босану жолдарына қарай дұрыс орналасуына септігін тигізеді. Бәрінен де сәбидің жамбасқа қарай басын төмен қаратып жатқаны дұрыс. Бірақ бала басқаша орналасқан болса, оған уайымдамаңыз. Ол жатқан орнын әлі де өзгертуі мүмкін, ал олай болмаған жағдайда, білікті дәрігерлер босанудың қалыпты өтетініне кепілдік бере алады. Ұрықтың көлденең орналасуы ғана ерекше жағдай болып табылады. Бұл жағдайда жалғыз шешім кесар тілігін жасау болып табылады. 
Ұрық едәуір жетілген, егер осы мерзімде туылса, арнайы инкубаторларсыз және тіршілік әрекетін қолдайтын басқа құрылғыларсыз да тірі қалатыны сөзсіз. Алайда, осы мерзімде дүниеге келген көптеген балалар жылу беруді әлі реттей алмайды, сондықтан қосымша жылытуды қажет етеді. 
Дамудың осы кезеңінде құлақ жарғағы әжептәуір тығыздала түседі, тырнақтары тырнақ орнын толық жабады, тамырлардың бұлшықет тонусы артып, жүрегі қанның қалыпты ағысын қамтамасыз ету үшін белсендірек қаға бастайды. 
Өкпе альвеолаларының қалыптасуы аяқталған десе де болады, дегенмен сурфактантты өндіріп шығару шамалы баяулауы мүмкін. Бұл кезеңде дистресс-синдромы дами бастайды, ол сәбиге қауіп төндіретін қауіпті құбылыс. Бірақ білікті дәрігер бұл жағдайды дер кезінде анықтап, тиісті шараларды қолдана алады.

УДЗ жасау

Әдетте үшінші жоспарлы УДЗ ерте мерзімдерде жасалады, бірақ ондай зерттеу жасалмаса, дәрігер міндетті түрде осы зерттеуді жасауды ұсынады. Сирек жағдайда, баланың дамуының немесе ана жағдайының деректерін немесе көрсеткіштерін нақтылау үшін қосымша УДЗ тағайындайды. 
33-аптада дәрігер-УДЗ маманы сәбидің өлшемдерін нақты өлшеп, барлық ішкі мүшелерінің жұмысын бағалап, даму дәрежесін тексеріп, бала жүрегінің және қозғалу белсенділігінің жұмысын бағалай алады. 
Дәрігер сәбидің қалай орналасқанын анықтап, кіндігіне оралып қалмағанын тексеріп, жатыр түбінің тұрған биіктігін бағалауы тиіс. Оған қоса, қағанақ суының сапасы мен көлемін, плацентаның орналасқан орнын және күйін бағалау осы кезеңде диагностика жасаудың қажетті әдісі болып табылады. 
Кім дүниеге келетінін әлі күнге дейін біле алмаған ата-аналар құрсақтағы баланың жыныс белгілерін айқын көре алады. 
Үшінші УДЗ-ның нәтижелері сәбидің орналасуына және ананың жағдайына негізделе отырып, алдағы босанатын күнді шамалы түзетуге мүмкіндік береді. Ана үнемі қорқыныш сезіп, түнде жайсыз түстер көруі мүмкін. Бұны жүрекке жақын қабылдамау қажет, өйткені ананың мазасыз күйлері сәбиге міндетті түрде беріледі. Одан да жағымды істермен айналысып, өзін аман-есен босануға психологиялық тұрғыдан дайындаған дұрыс.

 

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView