Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 42-аптасы

Баланың дамуы

Бұл мерзімге жүкті әйелдердің кейбіреуі ғана жетеді. Бірақ егер әйел мен бала денсаулығына ешқандай қауіп төнбесе, дәрігерлер босануды жасанды ынталандыра алмайды. Егер бала осы аптада дүниеге келетін болса, ол жаңа әлемде өзін жақсы сезінеді. Бірақ ол анасының құрсағында жата беретін болса, дәрігерлер жатырдың, қағанақ сұйықтығы мен жатыр мойнының қандай жағдайда екенін көрсететін қосымша зерттеулер тағайындайды. 
Көп жағдайда баланың жағдайын УДЗ көмегімен бағалайды. Тек осы зерттеу ғана баланың өзін қалай сезетінін және босануды ынталандыруға себептердің бар-жоғын көрсете алады. Әдетте аналар босанатын күнге дейін әлі бірнеше күн бала көтеріп жүреді. 
Плацентаның қатты тозуы және бас сүйектің қатаюы тек 43-аптада пайда болады. Бұл өте қауіпті құбылыс, өйткені сәби босану жолдарымен өткенде жарақаттануы мүмкін.

Ананың жағдайы

Әйел өзін жақсы сезінеді, бірақ осы мерзімде әйелдердің көбі жүктіліктен шаршап, сәбилеріне тезірек дүние есігін ашқысы келеді. Осы кезде ананың босануға моральдық және физикалық тұрғыдан дайындалуына жеткілікті уақыты бар. Бірақ әйел мазасызданатын болса, ол дәрігерден қосымша талдамалар мен зерттеулер тағайындауын сұрай алады, сонда кері салдардың туындауына жол бермеуге болады.

Босануды ынталандыру әдістері

Жүктіліктің мерзімінен асқанын анықтауға көмектесетін бірнеше белгі бар:
УДЗ-дан баланың басы орналасқан алдыңғы жағында судың жоқ екені айқын көрінеді.
Қанағақ суының жалпы көлемінің күрт азаюы.
Бас сүйегі тым қатайып кеткен.
Жатыр мойны жетілмегенімен ерекшеленеді.
Плацента белсенді тозады.
Егер әйелде жоғарыда аталған симптомдардың біреуі болса да анықталса, дәрігер бала мен анасына қауіп төндірмес үшін босануды ынталандыруды ұсынады. 
Анасы перзентханаға жиналып жатқанда, ол босануды өздігінен ынталандыра алады. Мысалы, жыныстық қатынасқа түсу немесе емшек ұшына массаж жасау. Майсана майының бірнеше тамшысы, бір бокал шарап немесе ұзақ жаяу жүру де тура осындай әсер береді. 
Кейде мерзімінен өткен жүктілік жүкті әйелдің психологиялық күйінен болады. Мысалы, егер ол баланы белгілі бір күнге қарай дүниеге әкелуге шешім қабылдаса. Бұл жағдайда әйелге басымдықтарын қайта қарастыру қажет, өйткені мерзімінен өткен жүктілік оған еш жақсылық алып келмейді. Плацента жылдам тозады да, бала оттек пен қоректік заттардың қажетті көлемін ала алмайтын болады. 
Сондықтан, егер дәрігер мерзімінен өткен жүктілік фактісін айқын анықтаса, онда перзентханаға шұғыл түрде барып, балаңыз дүниеге сау және мықты болып келуі үшін босануды жасанды ынталандыру қажет.

 

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView