Перзентханада нәрестеге қажетті заттар тізімі
Қазір базарлы қоржыныңызға қажеттінің барлығын жинақтай бастайтын ең жақсы уақыт. Уақытыңыз әлі көп сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ келесі 6–9 ай көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді.
Бала өмірінің алғашқы айлары барынша тыныш өтуі үшін сәбиіңіз дүниеге келгенге дейін көптеген зат сатып алғыңыз келеді.
Сәбиге зат сатып алу қызықты және сонымен бірге қиын тәжірибе болуы мүмкін. Құрсақтағы ғажап тіршілік иесіне осы кішкентай заттарды сатып алып жүргенде кез келген адамның жүрегі елжірейді. Сондай-ақ нарықта балаларға арналған киімнің көптігінен дұрысын таңдау да қиын. Неден бастау керек? Біз сізге көмектесеміз!
Бала дүниеге келгенге дейін алып қоятын ең маңызды заттардың бәрін есте сақтауға көмектесетін бақылау тізім, міне, алдыңызда.
Жабдық
Негізгі тізім
Арба немесе бесік арба
Балаларға арналған автокресло
Жөргектер
Балаларға арналған ылғалды сулықтар
Балаларға арналған бөтелкелер мен оларды стерилдеуге арналған жабдық (егер баланы емізуді жоспарлап жүрсеңіз емшек сүті үшін бір немесе екі, ал егер жасанды емізуді жоспарласаңыз, көбірек қажет)
Балаларға арналған екі жиынтық төсек-орын (ақ жайма, көрпе, матрас пен матрас-қап)
Балаға арналған үш немесе одан көп төсек жапқыш
Балаға арналған жұмсақ орамалдар мен бетке арналған сулықтар
Балалар сабыны немесе көбігі
Балаларға арналған ылғалды сулықтар
Бөртпеге қарсы крем
Ұштары доғал тырнақ алатын қайшы
Термометр
Емізіктер
Пайдалы заттар
Бала тасымалдағыш (бесік арбаңыздың бір бөлігі болуы мүмкін)
Балалар ваннасы (сіз қолжуғышты немесе балаларға арналған қосымша жабдықпен кәдімгі ваннаңызды қолдана аласыз)
Жөргектерге арналған жәшік
Жөргектерге немесе сүлгілерге арналған аспалы контейнер
Сүтсауғыш
Кеудеге арналған төсемдер
Қауіпсіздік жабдығы: қақпалар, балаларға арналған бекітпелер мен ілгектер, пешке арналған қорғаныштар мен есік тұтқаларына қаптамалар
Балалар мониторы
Түрлі-түсті сылдырмақтар мен басқа да ойыншықтар
Киіндіруге арналған алып жүретін кілемше
Бесік арбаға арналған жаңбырға қарсы жамылғы
Слинг
Жиһаз
Негізгі тізім
Бесік немесе балалар төсегі
Үстел және киіндіргенде астына қоятын бұйым
Пайдалы заттар
Тербелмелі кресло немесе емізуге арналған басқа ыңғайлы кресло
Тамақтандыруға арналған үстел (5-айдан асқан соң қажет)
Түнгі шам
Киімдер мен аксессуарлар
Негізгі заттар
Алты боди (жеңі қысқа, жеңі ұзын немесе екеуі де, бала туған мезгілге байланысты)
Салқын ауа-райына қажетті екі свитер немесе күрте
Қалпақ (жазға жұмсақ панама және қыс мезгіліне бір немесе екі жылы бас киім)
Екі ұйық
Ең болмаса, екі көкірекше
Перзентханадан шығарып алуға арналған конверт
Пайдалы заттар
Балаларға арналған көрпе қап
Сыртқа шығуға арналған үлкен балалар сөмкесі
Баланың сізбен сыртқа шыққанда киетін бірнеше әдемі киімі
Емізуге арналған бюстгальтерлер мен кеудешелер
Емізуге арналған жастық
Төс ұшына арналған крем
Тағы басқа көптеген зат керек, жаңа босанған әйелге қажетті заттар тізімін перзентханадағы дәрігеріңізден немесе акушеріңізден сұраңыз.