Жүктілік кезіндегі спорт
Жүктілік кезінде сіз ішкі және сыртқы дүниеңізде қандай өзгерістер болып жатқанын бақылай отырып, денеңізді жаңаша қабылдайсыз.
Ойдағыдай босану үшін денеңіз бала дамыған сайын өсіп, созылады. Сондықтан оны нығайтуға уақыт бөліп тұру қажет.
Йога – жүкті әйелдер үшін керемет жаттығу, ол дене мен бұлшықетті нығайтып қана қоймай, миды тыныштандыруға да көмектеседі. Төзімділік, күш, икемділік пен психикалық денсаулық жүктілік кезінде, бала туу мен туғаннан кейінгі қалпына келу кезеңінен өту үшін өте маңызды.
Көптеген жүкті әйелдерге йогамен айналысу үшін уақыт табу оңай емес, әсіресе, үйінің жанында студия болмаса. Huggies компаниясы йога бейнесабақтары бар онлайн-ресурс жасады, ол сізге үйде жаттығудың артықшылықтарын пайдалануға көмектеседі.
Жүкті әйелдер үшін Huggies ұсынған йогадан онлайн-сабақтар
Huggies ұсынған жүкті әйелдер үшін йога бағдарламасы – жүктілік кезіндегі қиындықтарды жеңіп шығу мен босануға дайындалу үшін денеге көмектесудің ең жақсы мүмкіндігі.
Йога ақыл-ой мен тәнді жаттықтыратындықтан, бұл бағдарлама қорқыныш пен күйзелісті азайтуға көмектеседі, сонымен қатар ағзаны әлдендіріп, нығайтады. Сондай-ақ баламен эмоциялық байланыс орнатуға, өз денеңдегі өзгерістерге зейін қойып, сезімтал болуға көмектеседі.
Бағдарламаны Katie Brown Yoga сидней орталығындағы йога жаттықтырушысы – белгілі Кейти Браун ұсынады. Жаттығуларды үйде ыңғайлы уақытта жасауға болады. Егер тіпті жұмыс кестеңіз немесе бюджетіңіз ақылы сабақтарға баруға мүмкіндік бермесе, егер шалғайдағы ауданда тұратын болсаңыз, жүкті әйелдерге арналған йоганың барлық артықшылығын пайдалана аласыз.
Бағдарлама нені қамтиды?
Біздің жүкті әйелдер үшін йогадан онлайн-бағдарламамыз келесідей қарапайым видеонұсқалардан тұрады:
жүкті әйелдерге жасауға болатын йога асаналары;
құрсақтағы баламен байланыс орнататын жаттығулар;
тыныс алу техникасы;
тыныс алуға арналған дене тұрыстары;
релаксация және визуализация әдістері;
босану кезіндегі уқалау (осы сабақты бірге өту үшін серігіңізді шақырыңыз).
Бала туған соң алты аптадан кейін дәрігердің немесе акушердің рұқсатымен сіз Huggies өткізетін босанғаннан кейінгі йога бағдарламасын бастай аласыз. Ол жамбас қуысы түбінің тонусын қалпына келтіруге, күш-қуат деңгейін арттыруға және жүктілікке дейін болған дене пішінін қайтаруға көмектеседі.
Жеңіл орындау
Дәрігерден немесе акушерден кез келген басқа жаттығулар сияқты йогамен айналысқан қауіпсіз бе, жоқ па сұрап алыңыз. Егер дене тұрысы ыңғайсыз болып көрінсе, одан бас тартыңыз. Барлық жаттығулар оңай орындалуы тиіс. Жүктілік кезінде буын айналасындағы байламдар әлсіреп, жұмсара түседі, сондықтан созылып кетудің алдын алу үшін абайлап жасаған жөн.
Жүкті әйелдерге арналған онлайн-йога курсын бүгіннен бастаңыз
Егер бұрын ешқашан йогамен айналыспасаңыз, қазір айналысып бастау үшін керемет мүмкіндік. Егер сіз бұрын айналысқан болсаңыз, бұл жаттығулардың сіз үйренген жаттығуларға қарағанда оңайырақ екенін байқайтын боларсыз.
Сабақты жүктіліктің кез келген мерзімінде бастауға болады, бірақ, әдетте, бұны неғұрлым ертерек бастаса, артықшылығы соғұрлым айқын болады.
Алдымен Кейтидің кіріспе видеосын қарап шығуға, ал сосын сабақ туралы жалпы түсінік алу үшін алғашқы сабақтарды қарап шығуға кеңес береміз. Барлығын асықпай ұғып алу үшін уақыт бөліңіз. Сабақ кезінде көңіліңіз басқаға алаңдамағаны жөн.
Жүкті әйелдерге арналған йоганың алғашқы сабағына дайындалып алыңыз
Сіз видеоны компьютерден көре аласыз немесе оны смартфонға жүктей аласыз.
Йогамен айналысуды жоспарлай отырып, сізге ешкім кедергі келтірмейтін уақытты таңдаңыз.
Сізге қажетті заттар:
Қолайлы созылмалы киім (спорт шалбарлары мен леггинсылар, спорт майкасы немесе футболка)
Мат немесе кілемше
Екі жастық
Белдікше немесе бау жіп
Төсек жаймасы
Кішігірім «апаттар» болып тұрады
Көптеген басқа да жүкті әйелдер сияқты, екінші және үшінші триместр кезінде дене жаттығуларын жасаған кезде қуығыңыз зәр ұстамай қалуы мүмкін. Соны ойлап, уайымдамауыңызды сұраймыз. Бұл жалпыға бірдей проблема, оны төсемдердің көмегімен оп-оңай шешуге болады. Алайда, егер несеп ұстай алмау проблемаға айналып бара жатыр деп санасаңыз, гинекологыңызға қаралыңыз. Сізге жүкті әйелдерге көмектесуде тәжірибесі бар физиотерапевттің де кеңесі қажет болуы мүмкін.