Өзіңізге уақыт табыңыз Өзіңізге уақыт табыңыз
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Өзіңізге уақыт табыңыз

Ұзақ уақыт бойы демалыста отырған әйел ерте ме, кеш пе күнделікті күйбең тіршіліктен зеріге бастайды. Жеке істер мен бала тәрбиесін қалай үйлестіруге болады?

Режимді жолға қойыңыз

Жас ананың кестесіне қарап, уақытты қайдан тапсам болады деген сұраққа берілген нұсқалардың онша көп емес екенін айдан анық байқаймыз. Сондықтан нәресте ұйықтап жатқан сәтті пайдалану керек.

Бір тәулік ішінде нәресте түні бойы және күндіз бірнеше рет демалады, сонда төрт сағат немесе одан да көбірек уақыт табуға болады. Оларды ұйымдастыру үшін режимді жолға қою керек, одан да баланың ояну уақытына негізделу керек.

Циркадты ырғақ баланың ояну уақытына байланысты, сондықтан сол уақытты негізге алу керек. Кейбір балаларға таңертең тым ерте, сағат 6-7-лерде тұрған ыңғайлы, ал басқалары сағат 10-11-де оянғанды жөн көреді. Бір апта бойы белгілі бір уақытта оянатын кезді белгілеп қою керек, мысалы, таңғы сағат 7 деп белгілеңіз де, бала өзін қалай ұстайтынын тексеріп көріңіз. Егер ол белсенді, сергек және өзін жақсы сезінсе, дұрыс уақытты белгілеген боласыз. Егер ол мазасызданып, оянғаннан кейін екі сағат өткен соң ұйықтағысы келсе, түнде оянып, жыласа, ояну уақытын бір сағат кейінге белгілеңіз де, қайта тексеріп көріңіз.

Егер бүлдіршін әдеттегіден кешірек жатса да, оның кеш тұруына рұқсат бермеңіз, бұл бүкіл жүйені бұзады. Жалпы, қашанда ережені ұстаныңыз: қолайлы ояну уақытын өзгертуге болмайды, бұл биологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Баланы ұйықтату уақытын өзгерту арқылы оның ұйқысына көбірек / азырақ сағат бөлу керек.

Ассоциативті ұйықтауға жол бермеңіз

Режимді қалпына келтіргеннен кейін өзіңізбен айналысуға уақыт табасыз, бірақ баланы ұйықтату процесін түзетсеңіз, тағы да қосымша уақыт «ұта» аласыз.

Кейбір балалар 10 айында өздігінен ұйықтай алады. Егер балаңыз осындай болса, бұл тармақтан аттап кетіңіз. Еміп, тербетіп және басқаша көңіл аударуды өтінетін ерке балалардың аналары осы тармақты пысықтаулары керек.

Біріншіден, ассоциативті ұйықтау пайдалы уақытыңызды алады. Екіншіден, ол түнгі ұйқыны бұзады. Балалардың бәрі түнде қайта-қайта оянады, бірақ өз бетінше ұйықтап қалатын бала өз бетінше ұйықтайды, ал ұйықтар алдында белгілі бір рәсімдерге, яғни тербетуге, емуге және т.б. үйренген бала назар аударуды қажет етеді.

Суалту әдістерінің бірі сіздің уақытыңызды және қатысуыңызды талап етеді, бірақ ол ауыртпалықсыз және тыныш өтеді. Ол үшін бірнеше қадамнан өту керек:

Алдымен сіз баланы әлдилейсіз, содан әлдилеуді бесік жырына, содан кейін ертегіге, содан кейін ойыншықпен құшақтасып ұйықтауға ауыстырасыз, әрі қарай ұйықтап қалу процесін толығымен алып тастағанша осылай жалғасады. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін, есесіне бала жыламайды, ал сіз ашуланбайсыз.

EmptyView