Егер бірдеңе ұмытып кетсеңіз, күйеуіңізге перзентханаға арналған заттардың тізімін дайындап қойыңыз Егер бірдеңе ұмытып кетсеңіз, күйеуіңізге перзентханаға арналған заттардың тізімін дайындап қойыңыз
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Егер бірдеңе ұмытып кетсеңіз, күйеуіңізге перзентханаға арналған заттардың тізімін дайындап қойыңыз

Перзентханаға қандай заттар қажет? Қажет нәрсенің бәрі салынған сөмкені болжанып отырған мерзімнен 2-3 апта бұрын дайындап қойыңыз. Сөмкені кейінге қалдырмағаныңыз жөн, сонымен қатар, қажет деп тапқанның бәрін салсаңыз да, сол тізімді жазып, үйге, көрінетін жерге тағы бір көшірмесін қалдырып кетіңіз. Егер үйде бірдеңе қалдырып кетсеңіз, бұл тізімді күйеуіңіз пайдалана алады.

Босанатын күніңізге орай құжаттарыңыз бен қажетті заттарыңыз болуы керек, олар шартты түрде «үш сөмкеге» бөлінеді:

біреуі – босануға,

екіншісі – босанғаннан кейінгі кезеңде анаға қажет заттар

үшіншісі – жаңа туған нәрестеге арналған заттар.

Сонымен қатар шығаруға қажет төртінші сөмкені де дайындаған жөн. Оны бірден өзіңізбен бірге перзентханаға ала кетуге немесе туғандарыңызға шығаратын күні ала келіңдер деп тапсырып кетуге болады.

Босану кезінде сізге келесілер қажет болуы мүмкін:

  • кеңірек футболка немесе түнгі көйлек, жаңа болмағаны дұрыс;

  • таза ауызсу (кем дегенде 1 литр, кейбіреулері тіпті 5 литрлік бөтелкелерді алып жүреді);

  • сүлгі және сұйық балалар сабыны;

  • бір рет қолданылатын дәретханаға арналған отырғыштар;

  • жылы, бірақ жүнді емес шұлықтар;

  • фотоаппарат немесе бейнекамера (балаңыздың туылған қуанышты сәтін түсіріп алуды жоспарлаған жағдайда; мұндай жағдайда оларды босанған кезде бірге кіретін адамыңыз алып жүруі керек).

Сол қалташаға жаңа туған нәрестеге босанғаннан кейін бірден киетін заттарды да салып қойыңыз:

  • жөргек;

  • итжейде, кофта немесе боди;

  • ползунки;

  • телпек.

БАЛА ТУЫЛҒАННАН КЕЙІН ҚАЖЕТ ЗАТТАР

  • Түнгі көйлек және халат (көптеген перзентханаларда тек өздері бергенді ғана пайдалануға рұқсат етілген);

  • Босанғаннан кейінгі шығындыларға арналған төсемелер. Айтпақшы, дәрігерлер кейде қан жоғалтуды бақылау үшін төсемелерді қолдануға тыйым салады;

  • Жұмсақ дәретхана қағазы, дәретханаға арналған қағаз отырғыштар;

  • Тіс щеткасы және тіс пастасы;

  • Сүлгі, тарақ, айна;

  • Маникюр қайшысы;

  • Сабын, душқа арналған гель, сусабын, интимдік гигиенаға арналған гипоаллергенді құрал, иіссіз немесе әлсіз иісі бар дезодорант;

  • Арнайы бір рет қолданылатын немесе мақта-мата түрсилер (3-5 дана);

  • Емізуге арналған емшекқап (1-2 дана) және оған арналған бір реттік төсемелер;

  • Босанғаннан кейінгі бандаж (оны киюді жоспарласаңыз);

  • «Д-Пантенол» немесе «Бепантен» кремі, ол емшек ұшы жарылған кезде немесе нәрестенің көтенінің қызарған жерлеріне жағуға қажет болуы мүмкін;

  • Глицерин тығындәрісі (босанғаннан кейін көптеген адамдарда дәрет сындыру жағынан қиындықтар болуы мүмкін);

  • Бетке арналған крем, қолға арналған крем, гигиеналық ерін далабы;

  • Жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған дәрумендер, басқа дәрі-дәрмектер (қабылдаған жағдайда);

  • Газсыз ауызсу. Әйтпеген жағдайда, «жергілікті» – краннан ағатын қайнатылған суды ішуіңіз керек болады;

  • Ыдыс-аяқ – саптыаяқ, тәрелке және қасық.

  • Маңызды ақпарат жазып алуға арналған блокнот пен қалам;

  • Бос уақытта оқуға арналған журнал немесе кітап;

  • Қоқыс салатын қалташалар (әдетте, палаталарда қоқыс жәшігі жоқ).

Әдетте, перзентханаларға баруға рұқсат етіледі, сол кезде қажет болған жағдайда жетіспейтін заттарыңыз немесе азық-түлігіңіз беріледі. Перзентханада рұқсат етілген өнімдердің тізімі мекемеге байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз.

ПЕРЗЕНТХАНАДА ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ КЕРЕК ЗАТТАР ТІЗІМІ

  • Жаялықтар, өлшемі 0 немесе 1 (2-5 кг немесе 3-6 кг). 28 данадан тұратын бір қаптама әдетте жеткілікті;

  • Балалар сабыны (ыдысқа салынған сұйық немесе қатты);

  • Баланың мұрны мен құлағын тазарту, кіндік жарасын майлау үшін қажет мақта, мақта дискілері немесе мақта таяқшалары;

  • Сулы майлықтар, бір рет қолданылатын орамалдар;

  • Балалар кремі, жөргектің астынан жағатын крем. Есіңізде болсын, кез келген, тіпті, ең «гипоаллергенді» крем балаға жарамауы мүмкін, өзіңізбен кішкене қаптамаларды алып жүріңіз;

  • Перзентханалар әдетте, жаялық береді, бірақ өзіңіздікін қолданғыңыз келсе, тізімге бұл тармақты да қосып қойыңыз. 2 мақта-мата және 2 фланель жетеді, өлшемі 60х90 см. Ыңғайлы, бірақ бір рет қолданылатын сіңіргіш жаялықтарды пайдалану қымбатқа түседі;

  • Балаға арналған жұмсақ сүлгі;

  • Итжейде немесе тігістері сыртқа қараған және бұралмалы жеңдері бар кофталар (қолдары ашылып-жабылатын). Боди алуға да болады. Саны перзентханада өткізетін күндеріңізге сәйкес келуі керек (нәрестенің киімін күнде ауыстыру керек). 4-5 дана жеткілікті шығар;

  • Жұқа мақта-матадан тігілген, «тырнап алуға жол бермейтін» қолғаптар, кофталар қолды жаппаған жағдайда;

  • Ползунки, мақта-мата комбинезондары - 4-5 дана;

  • Өлшемі 1 тең мақта-мата телпектері – 2 дана.

ПЕРЗЕНТХАНАДАН ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАР ТІЗІМІ

«Жазда туылған нәрестелердікі» оңай. Олардың стандартты киім жиынтығына телпек, кофта (итжейде немесе боди) және ползунки кіреді. Егер үйге автокөлікпен кетсеңіз, сәбиді жеңіл көрпеге орайды немесе жеңіл комбинезон кигізеді.

Қыста баланы перзентханадан шығарғанға не алу керек? Қыста перзентханаға қажет заттардың тізіміне жылы баскиім, конверт немесе трансформер комбинезон керек. Егер үйге автокөлікпен кетсеңіз, көрпе мен лента онша жарай қоймас. Ережеге сәйкес, тіпті, жаңа туған нәрестені арнайы автобесікпен тасымалдау керек. Өзіңіз байқағандай, көрпеде белбеу үшін ешқандай ойық қарастырылмаған. Сыртқы киімнің ішінен фланель итжейде немесе кофта, ползунки және телпек кигізеді.

Көктемде және күзде баланы перзентханадан шығарғанға не алу керек? Маусымаралық - өзгермелі уақыт, балаға тез суық тиіп қалуы мүмкін. Баланы айтарлықтай жылы киіндіріңіз, бірақ тым қатты қымтап тастамаңыз. Ауа-райына байланысты бұл кезеңде демимаусымдық конверт немесе комбинезон керек. Егер сәби көктемнің басында немесе күздің соңында туылса, қысқы киімдерді пайдалануға тура келеді.

Аман-есен босанып, қол-аяғыңызды бауырыңызға алыңыз!

EmptyView