Жүктіліктің алты айы артта қалды! Жүктіліктің алты айы артта қалды!
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің алты айы артта қалды!

Жүктіліктің 6 айы өтті. Сізде ішіңіз дөңгеленіп, апта сайын жүктілігіңіз айқын көріне бастайды.

Іштің пайда болуына байланысты сіз нәрестенің қозғалысын байқай аласыз. Кейде құрсақ бетінде төмпешіктер анық көрінеді: бұл нәресте қолын, аяғын немесе басын шығарғаны. Дененің әртүрлі бөліктерімен жатырдың қабырғаларына тіреліп, нәресте ананың назарын қажет етеді.

Өсіп келе жатқан жатыр белгілі бір қолайсыздықты тудырады: ұзақ уақыт отыру немесе жату қиынға соғады, ал өкпеге түскен қысым тыныс алуды қиындатады. Сіз жатырдың өсе беретіндігіне дайын болуыңыз керек, сондықтан тыныс алу проблемалары еш жоғалып кетпейді. Босануға дейін шамамен үш апта бұрын нәресте сәл төмендеген кезде жеңілдік келеді. Осы уақытта асықпай серуендеу тыныс алу қиындықтарын жеңуге көмектеседі.

Жүктіліктің осы кезеңіне ең тән ауырсыну – ол аяғындағы ауырсыну мен ауырлық болып табылады. Бұл таңқаларлық емес, өйткені әйелдің дене салмағының артуы аяқ-қолға жүктеменің артуына әкеледі. Жүктілікке дейін варикозды тамырлардан зардап шеккендер әсіресе қолайсыздықты сезінуі мүмкін.

Ісіну мен ауырсынуды азайту үшін сізге бірнеше қарапайым ережелерді сақтау қажет:

  • Мүмкіндігінше «аяқта» тұруға аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.

  • Дәрігер ұсынған арнайы сығымдау шұлықтарын киюді бастаңыз.

  • Аяқты айқастрып отырмаңыз.

  • Кештерде босаңсытатын аяқ ванналары мен аяқ массажын жасаңыз.

EmptyView