Босану жоспары: босанғанға дейінгі бақылау Босану жоспары: босанғанға дейінгі бақылау
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Босану жоспары: босанғанға дейінгі бақылау

Алдын ала жасалған босану жоспарымен сіз балама жолдарын асықпай отырып, ұтымды ойластыра аласыз. Серігіңізбен, дәрігеріңіз бен акушеріңізбен бұл мәселені талқылап алуға уақыт бөліңіз.

Босанатын кез келгенде жоспарға қарап, серігіңіз бен аурухана қызметкерлері сіздің болжамдарыңыз туралы нақты көрініс алады. Алайда, бұл тек жоспар ғана екенін және оны кез келген уақытта түзетуге болатынын есіңізде сақтаңыз. Оны серігіңіздің де түсінгені абзал, сонда босану жоспарында эпидуралдық анестезия болмағанын байқаған кезде ол сізді абыржытып алмайды.

Жоспардың өзгеруі мүмкін екені жайлы серігіңізге айқын нұсқаулар берген дұрыс. Басында ауырсуды басатын дәрісіз босана аламын деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ 8 сағат толғатқаннан кейін өз ойыңыздан айнуыңыз мүмкін. Ауырсынуды басатын дәріні алмай тұрып, ол туралы сұрағаннан кейінгі уақыт кезеңін белгілеп алыңыз, мысалы, 10 минут, себебі сізге оның қажеті де болмауы мүмкін.

Дәрігер мен акушердің тәжірибесі көп, сондықтан олардың кеңестеріне құлақ түргеніңіз жөн.

Кеңестер мен сөзкөмек

  • Күні бойы ара-тұра үзіліс жасап, аяғыңызды көтеруді ұмытпаңыз, бұл венаның түйінді кеңеюі мен аяқтың ауырғанын басуға көмектесуі мүмкін.

  • Дәл қазір жүрген кезде барынша сақ болу қажет. Асықпай жүріңіз, байқамай аяғыңыз шалынып қалмас үшін үйдегі барлық кедергіні алып тастаңыз.

  • Басыңыз айналмас үшін төсектен абайлап бірқалыпты тұрыңыз. Бұл жағдайды кезеңдерге бөліңіз, үзіліс жасап, артериялық қысымыңыздың дене тұрысының өзгеруіне бейімделіп алуына мүмкіндік беріңіз.

EmptyView