Алғашқы босанғанға дейінгі қабылдауды жоспарлау
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Ко-дексінің 90-бабы бойынша жүкті әйелдер 12 аптаға дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті. Мамандардың пікірінше, аку-шер-гинекологқа келудің ең оңтайлы уақыты – 9-дан 12 аптаға дейін.
Әйелмен алғашқы әңгімелесу кезінде ол туралы, отбасы, жүктілік, өмір сүру жағдайлары, материалдық қамтамасыз етілімі, зиянды әдеттері, әйелдің және отбасының барлық мүшелерінің созылмалы аурулары туралы егжей-тегжейлі ақпарат жиналады. Бала үшін қауіпті топтардың алғашқы болжамы жасалады. Бұл педиатрға жеке бақылау жоспарын жасауға көмектеседі. Болашақ анаға жаңа туған нәрестеде ауытқулардың пайда болу ықтималдығын азайту үшін не істеу ке-ректігін түсіндіреді. Сонымен қатар, лактация болжамы жасалады. Болашақ аналарды бала күтімі бойынша сабақтарға шақырады (онда дәрігер жаялыққа орауды, шомылдыруды, шынықтыру процедурала-рын дұрыс ұйымдастыруды, қосымша тағамдарды енгізуді, алғашқы көмек көрсетуді үйретеді).