Өзіңізге күтім жасау күні Өзіңізге күтім жасау күні
Бір жасқа дейін - huggies.kz - icon 01

Өзіңізге күтім жасау күні

Баладан алыстамай, өзіңізге қалай күтім жасауға болады? Huggies сымбатыңыздың сұлулығын сақтауға көмектесетін жаттығулардың шағын жиынтығымен бөліседі, ал кішкентайыңыз қосымша қуанышты сәттерде де сізбен бірге болады.

Ұмтылу

Жаттығу жамбас пен бөксенің бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі. Тік тұрыңыз, аяғыңызды қосыңыз, балаңыз сізге арқасымен қарап тұратындай қалыпта отырғызыңыз да, оны құшақтаңыз. Оң аяғыңызды алға шығарып, тізеңізді бүгіп, ұмтыла отырыңыз. Бастапқы позицияға оралып, сол аяғыңызбен ұмтыла отырыңыз. Әр аяғыңызбен 10 рет қайталаңыз және жүктемені біртіндеп арттырыңыз.

Лифт

Қол, иық бұлшықеттері мен арқаның жоғарғы жағына арналған жаттығулар. Балаңызды қолыңызға алып, орындыққа немесе еденге отырыңыз. Балаңызды кеуде деңгейінде бетін бері қаратып ұстаңыз. Қолыңызды түзетіп, балаңызды жоғарыға көтеріңіз. Он рет қайталаудан бастаңыз.

Қайық

Преске арналған жаттығу. Еденге отырып, тізеңізді бүгіңіз. Балаңызды ішімен жіліншігіңізге жатқызыңыз да, қолыңызбен екі жағынан ұстап тұрыңыз. Аяғыңызды еденге тіреп, балаңызды өзіңізден жоғары көтеріп, арқаңызбен домалаңыз. Бастапқы позицияға оралыңыз. Алдыңғы жаттығулар сияқты мұны да 10 рет қайталаудан бастауға болады.

Баламен жаттығу жасаған тиімді және көңілді. Ана «табиғи жүктеме» алады, ал бала қарқынды әрі қызықты ойынға батады. Ана мен сәби бір-біріне жақындай түседі, өйткені бұл жаттығулар құшақтау мен сүюге толы.

EmptyView