Нәрестелердегі кіндік жарығы туралы 10 аңыз Нәрестелердегі кіндік жарығы туралы 10 аңыз
Бір жасқа дейін - huggies.kz - icon 01

Нәрестелердегі кіндік жарығы туралы 10 аңыз

Балалардың іштері ауырып, аналарының түнгі ұйқысын бұзады. Нәрестенің кіндік жарығы бар екені анықталған кезде бүкіл отбасы идеялар мен кеңестерін айта бастайды. Бұл құбылыс туралы аңыздарды жоққа шығаруға тырысамыз.

Анасы біледі, жарық жоқ!

Жарық өмірінің бірінші жылында байқалмайды. Неліктен? Көбінесе бала ауырлық күшінің әсерінен іш төмен түскен кезде көлденең қалыпта болады. Бала отыра бастағанда және жүре бастағанда, осы мәселеге назар аудару керек.

Бала жасындағы кіндік жарығы – дамудағы туа біткен ақау, кіндік шеңбері аймағындағы апоневроз ақауы.

Апоневроз – іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінен пайда болатын тығыз ақ сіңір. Бұл ішкі органдарды қорғайтын ерекше «қалқан». «Қалқан» туа біткен әлсізі болса, ішкі органдар іш қабырғасынан тыс кіндік шеңбері арқылы сыртқа шығып, кіндік аймағында томпайып тұрады. Бірақ жарықтың бар екенін тек дәрігер тексере алады.

Кіндік жарығы – баланың өміріне қауіпті!

Олай емес. 99% жағдайда кіндік жарығы баланың өміріне қауіп төндірмейді. Бұл нәрестеге ыңғайсыздық әкелмейді және өте сирек жағдайда қысылып қалады. Бірақ бала өсе келе, оның жарығы да өседі, қауіпті салдар пайда болады. Ересектерде болатын кіндік жарығының қысылуы өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Кіндік жарығы жөтелу және жылау салдарынан пайда болады.

Жарықтың жылау немесе жөтелу салдарынан пайда болуы мүмкін емес. Өйткені, бұл туа біткен ақау. Жағдайды қиындататын төрт күй бар:

  • нәрестелердегі созылмалы іш қату (әдетте, дәретке бару тәулік сайын болуы керек);

  • метеоризм, іштің кебуі (ананың, баланың рационын қатаң бақылау);

  • өкпенің созылмалы аурулары, көкжөтел, бронхит (асқынуға жол бермеу);

  • бөбектердің невралгиялық айқайы (неврологқа көрсету керек, жылатпауға тырысу керек).

Іш үлкен болса, жарық та үлкен болады

Тәбеті жақсы, қарыны дөңгеленген баланы автоматты түрде қауіп тобына енгізуге болмайды. Жарықтың көлемі баланың дене бітіміне байланысты емес.

Ота жасау – жалғыз шешім

Олай емес. 5 жасқа дейін кіндік жарығы өздігінен жойылып кетуі мүмкін деп саналады. Бұл көлемі кішігірім жарықтарға қатысты. Үлкен жарықты кішкентайынан тек хирург ажырата алады. Қиын жағдайларда балаларға 1 жасында немесе сәл ересектеу кезінде ота жасайды. Егер жағдай қауіпті болмаса, бірақ жарықтың көлемі айтарлықтай үлкен болса, дәрігер маманның бақылауында болуға кеңес беріп, 5 жасында ота жасайды.

Пресс жасағанда жарық жойылады!

Балаға пресс жасау мүмкін емес. Тіпті, ересек балаларды үнемі спортпен айналысуға мәжбүрлеу қиын. Іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерін нығайтудың ең тиімді әдісі – жүзу.

Бандаж және пластырь кіндікті орнына қояды!

Жалқауларға арналған бұл нұсқа қате. Нәтижеге жету үшін бандажды кем дегенде 2-3 жыл кию керек. Арнайы бандаждарды дәрігер тек отадан кейінгі немесе отаға дейінгі кезеңде белгілейді.

Пластырь тіпті, нашар. «Жарықты желімдеу тікелей дерматологқа жол салады» дейді біздің сарапшы. Өйткені, баланың нәзік терісі жарақат алып, тітіркенеді.

Кіндік жарығына қарсы әжеміздің «5 тиыны»

Тиынды желімдеу, үрмебұршақ байлау және басқа да жүрекке жақын заттарды бұрынғы тарих беттерінде қалдырған дұрыс. Бұл әдістер тиімсіз.

Балаға кіндік жарығы әсер етпейді

Кіндік жарығы – ауыртпайды және өлімге себеп болмайды. Егер оған мүлдем көңіл бөлмесе де, балаға зияны тимейді. Бірақ баланы бақытты етпейтін кем дегенде екі фактор бар. Біріншісі – балалар ұжымындағы психоэмоционалды жарақаттар. Ерте ме, кеш пе, бала өзінің «басқалар» сияқты емес екенін сезінеді. Екінші – бала біз ойлағаннан да тезірек өседі. Көп ұзамай ол физикалық күш-жігерді қажет ететін мамандықты таңдайды немесе ана болғысы келеді. Сонда қиындықтар пайда болады. Өйткені ересек жаста жарыққа ота жасау әлдеқайда күрделі және қауіпті процесс.

EmptyView