Қош келдің, таңертеңгі токсикоз!
Таңертеңгі токсикоз құсу немесе құспау арқылы жүрек айну, сондай-ақ жүктілік кезінде құсу ретінде анықталады. Әдетте, әйелдер оны жүктіліктің ерте айларында басынан өткізеді. Жүрек айнуы жүкті әйелдердің 50-90%-ында болады, ал жүкті әйелдердің 25-55%-ы құсуға шағым келтіреді. Егер жүктіліктің ерте кезеңіндегі токсикоз дәрігердің араласуын қажет етпесе, келесі ұсыныстарды ұстану арқы-лы жағдайыңызды жеңілдетуге болады:
Тамақтану режимін реттеңіз. Ыстық емес немесе суық емес тамақ ішу керек. Өзіңізге ұнайтын және жүрегіңіз айнымайтын тағамдар ішіңіз.
Оңтайлы жұмыс және демалыс режимін сақтаңыз, белсенді қозғалыңыз, кешке таза ауада серуендеңіз, денеңізді шынықтырыңыз, шынықтыру емшаралары міндетті болып табылады. Таза ауа жүктілікке жағымды әсер етеді. Бөлмені қаншалықты жиі желдет-сеңіз, токсикоз белгілері соғұрлым аз болады.
Токсикоздың белгілері көбінесе қарныңыз аш болған кезде пайда болғандықтан, оның алдын алу үшін төсектен тұрмай жатып таңғы ас ішуді әдетке айналдырыңыз.
Көбірек сұйықтық ішіңіз, газы алдын ала шығарылған сілтілі су ("Боржоми", "Нарзан") ішкен жөн; кептірілген жемістерден жасалған компоттар (кептірілген өрік, қара өрік, лимонмен қышқылдандыруға болады), морстар (қызылжидек, мүкжидек), итмұрын қайнатпасы; асқабақ шырыны (лимон қосуға болады) да токсикоз белгілерін жақсы басады.