Босану белгілері Босану белгілері
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Босану белгілері

Әйелдердің көбі үшін босанудың алғашқы кезеңі ең ұзақ және ең қарқынды болып табылады. Осы кезеңде жатыр мойны (жатыр мен қынап арасындағы бұлшықеттер) бала өтетіндей толық 10 см-ге ашылуы үшін жатыр қатарынан бірнеше рет қатты жиырылады.

Босанудың алғашқы белгілері

Әр әйелдің бала туу тәжірибесі бірегей, сіздің де босану процесіңіз әртүрлі басталуы мүмкін. Босануға дайындалу белгілерін (мысалы, Брэкстон-Хикс толғағын) шынайы босанумен шатастырып алу оңай.

Босанудың басталғанын көрсететін бірнеше белгі

  • Шырышты тығын

Жатыр мойнын жауып тұрған шырышты тығын шыққанда, азғантай қан мөлшері мен шырыштан тұратын бөліндіні көресіз. Кейбір әйелдерде бұл толғақ басталғанда болады, ал басқаларында толғаққа дейін бірнеше күн бұрын немесе тіпті бірнеше апта бұрын болады. Егер қан кете бастаса, тіпті егер тығын кете бастады деп ойласаңыз, сақтықта қорлық жоқ дегендей, дәрігерге қоңырау шалған дұрыс.

  • Су

Қағанақ қабының мембранасы жарылған кезде, баланың айналасындағы сұйықтық аға бастайды. Сұйықтықтың көп мөлшері бірден лық етіп немесе біртіндеп ағуы мүмкін. Су кеткеннен кейін де сұйықтық тамшылап тұрады, сондықтан өзіңізде босануға қажетті төсемдер немесе ескі сүлгілер болсын. Босанғанға дейін мембрананың жарылуы жүкті әйелдердің шамамен 5–10%-інде болады, әйелдердің 90%-інде табиғи босану 24 сағат ішінде басталады. Егер жақын уақытта босана бастамасаңыз, індет жұқтыру немесе асқыну қаупі бар, сондықтан су кете салысымен дәрігеріңізге қоңырау шалыңыз.

  • Жатырдың жиырылуы

Ерте толғақ оқтын-оқтын ауыру ретінде – іштің болмашы жиырылуы ретінде сезіледі, ондайда арқаңыз да ауыруы мүмкін. Секундтық тілі бар сағатты алып, толғақтың ұзақтығы мен оның жиілігін жаза бастаңыз, сонда оның жүйелі түрде қайталанып жатқанына көзіңіз жетеді. Егер толғақ 30 секундтан ұзақ болса, ал аралығы біртіндеп азая бастаса, онда босанып жатқан сияқтысыз. Біздің толғақ уақытын жазуға арналған кестемізді пайдаланыңыз – ол сізге босану барысын қадағалауға көмектеседі.

  • Толғақ

Жатыр мойнының күшті бұлшықетін созу үшін жатырды қоршап тұрған бұлшықет талшықтарының бауы оның жоғарғы жағына жинала бастайды. Толғақ кезінде осы талшықтар жиырылады, сосын барып босаңсиды, содан жатыр мойны одан әрі ашыла бастайды. Әйелдердің көбі толғақты кәдімгідей қатты сезеді және оның ауыратынын айтып сипаттайды. Шыдаңыз, денеңіз жатыр мойнын ашу үшін ауыр жұмыс жасап жатыр. Толғақ ішті біртіндеп тырыстыру ретінде сезіледі, оларды көбінесе етеккір кезіндегі ауырсыну немесе құрысу сезімі ретінде сипаттайды, тек олар анағұрлым қатты сезіледі.

«Нағыз» толғақ басталған кезде, толғақ қайтқанша, әдетте, әйелге сөйлеу немесе қимылдау қиынға соғады. Сондықтан егер босанып жатқаныңызға сенімді болмасаңыз, онда әлі босанып жатқан жоқсыз. Босана бастағанда, толғақ шамамен 40 секундқа созылады және әр 10 минут сайын қайталанады. Сіз босануға дайын болған сәтте әрбір жиырылу бір минуттан артық уақытқа созылады, ал оның аралығы бір минутқа жетпейді.

Кеңестер мен сөзкөмек

  • Ыстық па? Сергіп, күйзелісті басу үшін жақын жерде орналасқан хауызға барыңыз. Жүкті әйелдерге арналған шомылу киімін ұмытып кетпеңіз!

    Егер рөлде отырғанда ішіңіз сыймай жатса, жүктіліктің соңына дейін автоны басқарудан бас тартатын кез келді.

  • Кешке тез ұйықтау үшін немесе түн арасында оянып, қайта ұйықтап кету үшін төсектің қасында бірнеше қызықсыз кітап болсын. 39-шы аптадағы ұйқысыздық ерекше нәрсе емес!

EmptyView