Артық салмақ және алғашқы ісіну сезімі Артық салмақ және алғашқы ісіну сезімі
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Артық салмақ және алғашқы ісіну сезімі

Жүктілік кезінде организм әртүрлі жолмен өзінің ішіндегі жаңа өмір-ге бейімделеді. Олардың ішіндегі ең көзге түсетіні – ананың ішінің шығуы. Өкінішке орай, тек іш үлкеймейді. Бәлкім, табаныңыздың үлкейгенін де, балтырыңыз бен жіліншігіңіздің аздап ісінгенін байқаған боларсыз. Мұның бәрі жүктіліктің табиғи, бірақ онша жағымды емес көріністері. Бірақ кейде алақанның немесе бет-әлпеттің жедел ісінуі ауыр асқынудың, мысалы, преэклампсия белгілері болуы мүмкін. Преэклампсия – бұл жүктіліктің ауыр асқынуларының бірі, қысымның жоғарылауымен, протеинуриямен (зәрде ақуыздың пайда болуы) және ісінумен сипатталады. Гормондардың әсерінен аяқтың мөлшері артады. Нәресте босану арналарынан өтуі үшін жамбас бай-ламдарын босаңсытуға жауап беретін релаксин гормоны табанның байламдарын босаңсытады. Сондықтан аяқтың сүйектері арасындағы қашықтық артады.Жүктілік кезінде салмақ қосудың орташа көрсет-кіші

Бірінші триместрде салмақ көп өзгермейді: әйел әдетте, 2 кг-нан артық салмақ жинамайды, бірақ екінші триместрден бастап ол тез өз-гереді: айына 1 кг (немесе аптасына 300 г дейін), ал жеті айдан кейін аптасына 400 г дейін (күніне шамамен 50 г).

EmptyView