Жүктілік кезінде белдің ауырғанын қалай жеңілдетуге болады Жүктілік кезінде белдің ауырғанын қалай жеңілдетуге болады
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктілік кезінде белдің ауырғанын қалай жеңілдетуге болады

Жүктілік кезінде белдің ауырғанын қалай жеңілдетуге болады?

Жүктілік кезінде әйелдердің көбінің белі ауырады. Бұл жаратылыстың заңы, бірақ оған көніп, ауруға бой беріп қою керек дегенді білдірмейді. Белдің ауырғаны бала көтергендегі қуанышты сөндіріп, үй шаруашылығын, отбасылық және жұмыстағы шаруаны жүргізуді қиындатуы мүмкін. Дегенмен, беліңіздің ауырғанын жеңілдету үшін немесе мүлдем басу үшін бірдеңе жасауға болады.

Көбінде омыртқаның төменгі жағы, тура сегізкөздің үстіңгі жағы ауырады. Бұл аяғы ауыр әйелдердің жүктілік кезіндегі ең көп ұстайтын жері. Егер әйел адамның белі ауыруға бейім болса, онда жүктілік кезінде ол күшейе түседі.

Жүктілік кезінде ананың ауырлық ортасы өзгеретіндіктен белдің ауыру қаупі артады. Алға қарай құлап кетуден қорыққан әйел адам артқа қарай қайқиып жүреді. Бұдан белге күш түседі.

Жүктіліктің соңғы мерзімдерінде баланың әжептәуір салмақ қосуынан және анасының гормондар деңгейінің көтерілуінен белдің ауыруы, әдетте, өрши түседі.

Жүктілік кезіндегі белдің ауыру ерекшеліктері

Оны, көбінесе, белдің төменгі жағын ұстап тұратын бұлшықеттер мен сіңірдегі, қимылдаған кезде күшейе түсетін, ауырлық сезімі немесе тырысуы ретінде сипаттайды. Белдің ауыруы, көбінесе, ананың қимылын шектейді, себебі әйел адам алдыға еңкейген кезде ауру үдей түседі.

Жүкті әйелдердің шамамен 50–80% әр түрлі қарқында белдері ауырады. Кейбір әйелдердің босанған соң да белдері ауырып жатады.

Алғашқы жүктілік кезінде белі ауырған әйелдер үшін кейінгі аяғы ауыр кездерінде де солай аурудың жоғары қаупі бар.

Неге жүктілік кезінде белдің ауыруы кеңінен таралған?

«Жүктілік» гормондары, соның ішінде релаксин, бүкіл денедегі буындар мен байламдарға әсер етеді. Босануды жеңілдету үшін релаксин белдің төменгі жағындағы бұлшықеттер мен сіңірлерді қоса, буындар мен жамбас тіндерін босаңсытуға көмектеседі. Тіндер әдеттегі қатты әрі икемді болуынан қалатындықтан, оларға түскен күшті көтеру қиындай түседі, сондықтан аура бастайды.

Жүкті әйелдің ағзасындағы басқа өзгерістер:

  • ауырлық ортасының орын ауыстыруы, сол себептен әйел адам жүрген кезде алдыға еңкейіп жүруге мәжбүр болады;

  • жалпы салмақтың артуы;

  • бұлшықеттердің босаңсып, қалпына келуіне мүмкіндік бермейтін күйзеліс гормондары деңгейінің табиғи жоғарылауы, соның нәтижесінде, ең ақырында, бұлшықеттің шаршауы орын алады.

Жүктілік кезінде белдің ауырғанын қалай жеңілдетуге болады?

Алдымен, акушеріңізден немесе дәрігеріңізден не істеуге болатыныңызды сұраңыз. Бел ауыруының кез келген басқа себептерінің бар-жоғын білу қажет.

  • Дәрігерден дене салмағыңыздың индексін біліп алып, жүктілік бойы 10-12 кг артық салмақ қоспауға тырысыңыз.

  • Тұрған, жүрген немесе отырған кезде арқаңызды тік ұстаңыз. Кеуде қаңқасының ортасына шам бардай елестетіңіз – ол аяғыңыздың астына емес, алдыңыздағы жолға жарық түсіруі тиіс.

  • Иықтарыңызды артқа жіберіп жүріңіз, бірақ бос ұстауыңызды қадағалаңыз. Бұған жақсы ұстап тұратын бюстгальтер көмектеседі.

  • Ұзақ тұрмауға тырысыңыз, бірақ онсыз болмаса, тізеңіздің «ұйып қалуына» жол бермеңіз.

  • Тұрып тұрған кезде, аяғыңызды кеңірек тіреліп тұратындай алшақ ұстаңыз.

  • Компьютердің алдында отырып жұмыс істегенде ортопедиялық креслоға отырыңыз, ол салмағыңызды біркелкі етіп таратады.

  • 30 минуттан артық отырмаңыз, жиі тұрып, қозғалыңыз. Жүктілік дами келе, креслоңыздың орналасу қалпы мен биіктігін түзетіп тұру қажет болады.

  • Компьютердің алдында отырған кезде аяғыңыз үшін жер орындықты пайдаланыңыз.

  • Жаттығулар кешенін жасаңыз. Серуендеу, жүзу, йога, аквааэробика – жүкті әйелдерге арналған дене жүктемелердің тамаша түрлері. Егер өзіңіз үйреніп қалған жаттығулар жайсыздық тудыратынын сезсеңіз, оларды тоқтатып, басқасын іздеп көріңіз.

  • Жаттығулардың кейбір түрлері ауруды басудың орнына, оны үдете түсуі мүмкін екенін ескеріңіз.

  • Ауыр зат көтермеңіз және бұлшықеттердің созылуына алып келуі мүмкін қайталана беретін қимылдарды жасамаңыз. Алға қарай және бүйір жаққа еңкею бел мен жамбас буындарына шамадан тыс күш түсіруі мүмкін.

  • Егер бірдеңені көтеру үшін еңкею керек болса, еңкеймей, отырып барып алыңыз. Еденге отырғанда, одан тұрғанда аяқтың күшті бұлшықеттерін пайдаланыңыз. Өзіңізге ең болмаса бір қолыңызбен көмектесе отырып, бірдеңеге сүйенетін болыңыз.

  • Жүкті әйелдерге арналған арнайы белбеу, шолақ шалбар немесе ұстап тұратын белбеу/бюстгальтер киген дұрыс. Бандаждың алдыңғы жағы баланың салмағын көтеруге, ал артқы жағы омыртқаға тіреу болып, денені түзу ұстауға көмектеседі. Созылмалы белбеулердің тиімділігі әзірше дәлелденбеген, бірақ кейбір әйелдер оларды пайдалы деп санайды.

  • Биік өкше аяқ киім кимеңіз. Ол адамның жүрісіне әсер етеді және жамбасты оңтайлы қалпынан шығарады. Супинаторы бар өкшесі кішкентай аяқкиім киген өте жайлы.

  • Белге түскен күшті азайту үшін мұз салынған пакеттерді немесе жылытқышты пайдалануға болады. Бірақ, алдымен, дәрігеріңізден сізге қай нұсқасы дұрыс болатынын сұрап алыңыз.

  • Аурсыну сезімдерін жылы ванна мен массаждық душ басуы мүмкін.

  • Шалқаңыздан жатып ұйықтамаңыз, одан да бір бүйірімен жатқаныңыз жақсы. Демалған кезде аяқты бүгіп алып, жалпақ, қатты жастыққа немесе жүкті әйелдерге арналған жастыққа жатқан пайдалы.

  • Сол жақ бүйірге жатқан жақсы. Бұл қанайналымына және балаңызға қан жеткізуге көмектеседі.

  • Жоғарғы сөрелерде тұрған заттарға қол созу үшін қолыңызды басыңыздан биік көтермеуге тырысыңыз. Қажетті деңгейге дейін көтерілу үшін мықты тіректі пайдаланыңыз.

  • Акушер-физиотерапевттің бақылауымен жүкті әйелдерге арналған уқалау, физиотерапия, релаксация мен созылу жаттығулары туралы ойланыңыз. Белдің иілгіштігіне арналған жаттығуларды қалай орындайтынын сұраңыз, тек бұлшықетке кқп күш түсірмеу керек.

  • Қалағаныңызша ұйықтап, демалыңыз. Сіз ұйықтаған кезде денеңіз күшін қалпына келтіреді және энергетикалық қорын толтырады. Егер ұйқы жағынан қиналсаңыз, ұйықтауға көмектесетін релаксация техникасын пайдаланыңыз.

  • Матрасты ауыстыру қажет шығар. Егер ол салбырап, омыртқаға тіреу болмаса, жаңасын сатып алатын кез келді деген сөз.

  • Кейде ауруды басатын дәрілерді қабылдаған жөн, бірақ, алдымен, дәрігеріңізден жүктілік кезінде оларды қабылдау қауіпсіз бе, жоқ па, сұрап алыңыз.

  • Сізге қабынуға қарсы лосьондар, кремдер мен гельдер көмектесуі мүмкін. Олардың қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін дәрігерге қаралыңыз.

Жүктілік кезінде бел ауырса, қай кезде дабыл қағу керек?

  • Егер белдің ауырғаны оны жеңілдетудің әртүрлі амалдарына қарамастан басылмаса.

  • Аурудың айтарлықтай жайсыздық тудырып күшеюі.

  • Жоғары температура, қынаптан қан кету немесе толғақ басталғандай сезім болса.

  • Несеп шығарған кезде ашып ауру немесе басқа да жайсыздық.

  • Егер ауруды басатын дәрі-дәрмекті үнемі қабылдауға тура келсе.

Кеңестер мен сөзкөмек

  • Клеенка немесе сіңіргіш жөргек сатып алыңыз; егер төсекте жатқанда қағанақ суы кеткен болса, ол матрасыңызды қорғауға көмектеседі.

  • Ақыл-есіңізді ойдан тазартып, өзіңіздің сәбимен ерекше байланысыңызға сүйсіну үшін күніне бір сағат болса да уақыт бөліңіз.

EmptyView