Серуендеуге арналған өте ыңғайлы әрі тиімді киім  Серуендеуге арналған өте ыңғайлы әрі тиімді киім
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Серуендеуге арналған өте ыңғайлы әрі тиімді киім

Бала өсіп, әлемді батыл зерттейді. Жаялықтарды, жөргектерді және слиптерді жиі қолданбайсыз. Бұл жастағы баланың гардеробында не болуы керек? Бірнеше ұсынысымыз бар.

Футболкалар мен мәйкелер:

Бір жастан екі жасқа дейін және әрі қарай көптеген түрлі футболкалар қажет болады. Үй киімі ретінде де, серуендеуге де ыңғайлы. Жазда оларды жиі қолданасыз. Баланың гардеробында әмбебап, бір түсті футболкалардың болғаны ыңғайлы, алдыңғы жағында үлкен суреті болуы мүмкін. Олар баланың қалған киімімен оңай үйлеседі.

Водолазка, толстовка және жемпір.

Барлық аналардың гардеробындағы сүйікті бөлшек – водолазка. Жабысып тұратын тоқыма кофта жақсы тұрады, керемет көрінеді және баланың қозғалысына кедергі келтірмейді.

Свитерлер мен жылы жемпірлерді таңдаған кезде сырттағы температура басты рөл атқарады. Баланың гардеробын терлеп кетпейтіндей етіп жинауға тырысыңыз.

Сыдырма ілмегі, капюшоны бар немесе онысыз кофтаңыз міндетті түрде болсын. Әдетте, мұндай кофталардың негізі тегіс және түкті, ішкі жағы жұмсақ (көбінесе, флис). Бала өз бағасын береді!

Джинсы.

Қазіргі уақытта балалар тіпті, бұл киімсіз жүре алмайды! Балалар джинсыйының өзіне тән ерекшеліктері бар екеніне көңіл бөліңіз, белінде өлшемін реттеуге мүмкіндік беретін бауы бар тоқыма резеңкесі бар модельдерді таңдаған дұрыс. 2-3 жас кезеңінде джинсы комбинезондарын киюге болады.

Спорттық костюм.

Маусымдық спорт костюмі серуендеуге арналған тамаша таңдау! Онымен балаға қозғалу, жүгіру және секіру ыңғайлы болады. Ұқыпты ата-аналар қара түсті костюмдерді таңдайды, бірақ түрлі түстісі сізді қуантатыны сөзсіз!

Көйлектер мен сарафандар.

Көйлектер мен сарафандарды таңдау бойынша ұсыныстар өте қарапайым: денеге жабысып тұратын негізі матасының құрамы табиғи және кестесі болса, дұрыс тігілген болуы керек. Киімнің ішкі жағын қараңыз: кесте арнайы жұмсақ материалмен жабылуы керек. Егер ол болмаса, онда бұл футболканың сыртынан киюге арналған сарафан немесе сапасыз зат. Есіңізде болсын, ішкі жағы баланың терісін тырнап, тітіркену тудыруы мүмкін.

Сырт киім:

Бұл жастағы балаларға арналған сырт киімнің ең жақсы түрі – жартылай комбинезоны немесе комбинезоны бар күртке жиынтығы. Олардың желге төзімді және ылғал/кір көтергіштігі маңызды. Осылайша кез келген ауа райында баламен бірге серуендей аласыз.

Аяқкиім.

Аяқкиімді таңдау критерийлері көптеген жылдар бойы өзгеріссіз келеді:

  • Табаны икемді

  • Биік ұлтарағының болуы

  • Артқы жағының қатты болуы

  • Балтырға жақсы жабысып тұруы.

Дәрігерлер бала аяғының өсетінін ескере отырып, үлкенірек аяқкиім алуға қарсы, өлшем мен аяқтың айырмашылығы 0,5 см-ден аспауы керек. Бұл ережені бұзу балаға айтарлықтай қолайсыздықтар әкеледі.

Аяқкиімді баламен бірге барып сатып алған жөн, модельдер аяқтың еніне, толықтығына және т.б. сәйкес келмеуі мүмкін. Сәйкес аяқкиім киген баланың жүрісі сенімді болатыныны, ал дұрыс таңдалмаған аяқкиім киген баланың жүрісі бұрмаланатынын өз көзіңізбен көресіз.

Балаларға арналған аяқкиімді таңдаудың жоғарыда аталған ережелері оның кез келген түріне қатысты: етік, кроссовка, босоножка, сандал, мокасина немесе туфли – барлығы сипатталған өлшемдерге сәйкес таңдалуы керек. Тек кедыда басқаша: онымен жүрген жалаң аяқ жүрген сияқты, сондықтан жұқа резеңке табанында биік ұлтарақ болмайды.

Балаға арналған босоножкидің ең дұрысы – үлкендігі екі жабысқақ арқылы реттелетіні.

Сапалы киім мен аяқкиім баланың дамуына ықпал етеді. Тауарлардың сан түрлі ассортиментін таңдау оңай емес, бірақ оны түсіну керек.

EmptyView