Жүктілік кезінде қажетті дәрумендер Жүктілік кезінде қажетті дәрумендер
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктілік кезінде қажетті дәрумендер

Жүктілік кезінде ағзаңызға қажет болатын негізгі дәрумендер

Жүктілік кезінде қалқанша без гормондарының деңгейі білі біткенге дейінгі деңгеймен салыстырғанда шамамен 50%-ға артады. Жүктілік кезінде йодтың жетіспеуі бала миының құрсақтағы және туғаннан кейінгі дамуына кері әсер етуі мүмкін, жалпы дамуы мен оқуына қатысты проблемалар тудырады. Егер тапшылық әжептәуір болса, балада бүгінгі таңда алдын алуға болатын ақыл кемістігі мен ми зақымының ең көп таралған салдары болып табылатын йод тапшылығы (IDD) дамуы мүмкін. Алайда, зиян келтірілген болса, қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Қалқанша без зат алмасуға жауап беретін ең маңызды гормондардың бірін өндіру үшін йодты пайдаланады. Йодтың жетіспеушілігінен ананың ағзасы сәбидің дамып келе жатқан миының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қалқанша бездің гормонын тиісті мөлшерде өндіре алмайды. Егер гипотиреоз (қалқанша без гормонының тапшылығы) жүктіліктің ерте мерзімінде дамыса, түсік тастаудың, мерзімінен бұрын босану мен ұрықтың неврологиялық зақымдануының жоғары қаупі туындайды.

Сидней университетінің эндокринологы және Қалқанша без қорының медициналық кеңесшісі, профессор Истмен келесіні ескертеді: «Жүкті әйелдер йод нормасын шамамен екі есе аз алады. Бұл маған маза бермейді, себебі жанама әсерлердің пайда болуына айтарлықтай қауіп, атап айтқанда, келесі буын ұрпақтың миының зақымдалу қатері бар. Жоғары йод тапшылығы бар аудандарда балалардың IQ көрсеткіштері 10–15 тармаққа азаяды, есту қабілеті бұзылуы мүмкін, зейін тапшылығы бар жоғары белсенділік (ADHD) жағдайлары көптеп байқалады». Профессор тағы былай дейді: «Осы елде туған балалардың ең кемінде жартысының анасында болған йод тапшылығының салдарынан ақыл-естің сәл бұзылуының белгілі бір түріне шалдығу қаупінің бары кәдімгідей алаңдатады».

Болашақ аналардың 50% йод тапшылығынан зардап шегеді деген қорқынышты статистиканы ескере отырып, әйелдер осы микроэлементтің жеткілікті мөлшерін алуды өте мұқият қадағалап отыруы тиіс.

Әйелдерге қалай йод тапшылығының алдын алуға болады? y

Сізге мынаны жасауға болады:

  • Күніне 0,5–1 л сүт ішу керек.

  • Йодталған тұзды пайдалану керек. Бұл теңіз тұзы емес. Дұрыс тұзды пайдаланып жүргеніңізді тексеріп алу қажет.

  • Йодқа бай тағамды жеу керек. Теңіз өнімдері мен балдырлардың құрамында осы микроэлементтің ерекше көп мөлшері бар.

  • Йодты полидәрумендер құрамында қабылдау керек. Көптеген қоспалардың құрамында тәуліктік қажеттілік 100–200 мкг болғанда, 50-ден 150 мкг дейін йод болады. Алайда, дәрумендеріңіздің құрамын мұқият зерттеп, онда йодтың бар-жоғына көз жеткізіп алуларыңыз қажет.

Кеңестер мен сөзкөмек

  • Жүктілік күнтізбесінде баланың жоспарлы туу күнін қоса, маңызды күндерді күні бұрын белгілеп қойыңыз.

  • Іш кебуді жеңілдету үшін құрамында бұршақ, бадам, йогурт немесе сүзбе бар тағамдарды азырақ жеңіз.

  • Баланың «қимылдарын» белгілеп отырыңыз, бұл балаңыздың қанша және қаншалықты жиі қозғалатынын бақылап отырудың жақсы әдісі болуы мүмкін.

EmptyView