Бет теріңіз жылтырап тұр: керемет қой, солай емес пе?
Теріңіз расында да, жылтырайды. Жүкті екеніңізді әлі білмей жүрген кезде кейбір адамдар «құлпырып кетіпсің, жүкті емессің бе» деп өздері сұрауы мүмкін. Бұл жүктілік кезінде организмде қан мөлшері артып, терінің жақсы қоректенуіне байланысты. Бұл әсіресе, бірінші триместрде айқын көрінеді, ал екінші және үшінші кезеңдерде пиг-ментация және басқа да «қажетсіз нәрселер» шыға бастайды.