Балаңыз енді эмбрион емес, ол ұрық. Дамуда қандай жаңалықтар бар Балаңыз енді эмбрион емес, ол ұрық. Дамуда қандай жаңалықтар бар
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Балаңыз енді эмбрион емес, ол ұрық. Дамуда қандай жаңалықтар бар

Тоғызыншы аптада ұрықтың массасы 1 грамнан 10 граммға дейін өз-гереді, ұзындығы 30-45 мм құрайды. Ұрықтың арқасы түзетіліп, ұрық құйрығы жоғалады. Болашақ бала толықтай кішкентай адамға ұқсайды. Бұл кезеңде басы кеудеге жабысып тұрады, мойны бүгілген, қолдарын кеудеге қойған. Мидың дамуы өте қарқынды жүреді, бұл осы кезеңнің негізгі процестерінің бірі болып табылады. Мишық жұмыс істей бастайды, жарты шарлар нақты пішінге ие болады. Мишық қозғалыстарды үйлестіруге жауапты болғандықтан, ұрықта олар өздігінен тоқтап, айқын және белсенді бола бастайды, ұрық өз денесінің қозғалысын сезіне бастайды.

Бұл кезеңде жүрек соғу жиілігі минутына 120-150 соққыны құрайды, жүректе екі қарынша және екі жүрекше пайда болады. Қантамырла-рының қан айналым жүйесі пайда болады, олар арқылы қан ағыла ба-стайды. Әзірге ұрықтың жоғарғы бөлігіндегі қан айналымы төменгі деңгейге қарағанда жоғары қарқындылықпен сипатталады. Сондықтан аяғымен салыстырғанда қолдары анағұрлым дамыған. Саусақтардың ұзаруы байқалады, ал олардың арасындағы торсыл-дақтар баяу жойыла бастайды. Тоғызыншы аптаның соңында көздің қалыптасуы аяқталады, олар қабақтармен тығыз жабылған. Бет сүйектері жабылады, басында мұрын мен танау, құлақ жарғағы мен сырғалық, жоғарғы ерін бар. Бұл кезеңде ұрықтың бет-әлпеті адамға ұқсайды.

EmptyView