Ішкі органдар мен жатыр жаңа өмірдің пайда болуына қалай дайындалады? Ішкі органдар мен жатыр жаңа өмірдің пайда болуына қалай дайындалады?
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Ішкі органдар мен жатыр жаңа өмірдің пайда болуына қалай дайындалады?

Жүктілік кезінде әйел организмінде ұрықтың дұрыс дамуын қамта-масыз ететін, организмді алдағы босануға және тамақтандыруға дайындайтын маңызды физиологиялық өзгерістер болады.

Жүктілік кезінде жүрек-тамыр жүйесі анағұрлым қарқынды жұмыс істейді, өйткені организмде қан айналымының қосымша жолдастық шеңбері пайда болады. Мұнда қан ағымының жоғары болатыны сон-шалық, минут сайын жолдас арқылы 500 мл қан өтеді екен. Жүктілік кезінде дені сау әйелдің жүрегі қосымша жүктемелерге оңай бейімде-леді: жүрек бұлшықетінің массасы мен жүрек қанының шығуы арта-ды.

Жүктілік кезінде сүт бездері алдағы тамақтандыруға дайындалады. Оларда үлесшелерінің, май тіндерінің саны артады, қан айналымы жақсарады. Сүт бездерінің көлемі үлкейеді, емізіктері ісінеді.

Жүктіліктің алғашқы 3 айында көптеген әйелдердің асқорыту орган-дарында өзгерістер байқалады: таңертең жүрек айну және жиі құсу пайда болады (ерте токсикоз белгілері), дәм сезімдері өзгереді, ерек-ше заттарға (саз, бор) әуестік пайда болады. Әдетте, бұл құбылыстар жүктіліктің 3-4 айында, кейде кейінірек болады. Жүктілік кезіндегі ең үлкен өзгерістер жыныс мүшелерінде болады және негізінен, жатырға қатысты болады. Жүкті жатыр үнемі өсіп отырады, жүктіліктің соңы-на қарай оның биіктігі жүктіліктен тыс 7-8 см орнына 35 см жетеді, салмағы 50-100 г орнына 1000-1200 г (ұрықсыз) дейін артады. Жүктіліктің соңына қарай жатыр қуысының көлемі шамамен 500 есе-ге артады. Жатыр көлемінің өзгеруі жолдас гормондарының әсерінен бұлшықет талшықтарының көлемін ұлғайту есебінен орын алады. Қантамырлар кеңейеді, олардың саны артады, олар жатырды шырмап алады. Жатырдың тұрақты емес жиырылуы байқалады, олар жүктіліктің соңына қарай белсенді болады және «қысу» ретінде се-зіледі. Бұл Брекстон-Хикс толғақтары деп аталады, қалыпты жағдай-да жүктіліктің 30-шы аптасынан басталады, босану кезіндегі нағыз толғақтың алдындағы жаттығу деп саналады.

Ұрықтың өсуі және жүкті әйелдің организміндегі физиологиялық өз-герістер оның дене салмағына әсер етеді. Дені сау әйелде жүктіліктің соңына қарай дене салмағы орта есеппен 12 кг-ға артады, 8-ден 18 кг-ға дейін өзгеруі мүмкін. Әдетте, жүктіліктің бірінші жартысында ол 4 кг-ға, екінші жартысында 2 есе артады. 20 аптаға дейін дене салмағы-ның апта сайынғы өсуі шамамен 300+30 г, 21 аптадан 30 аптаға дейін — 330+40 г және босанғанға дейін 30 аптадан кейін — 340+30 г құрайды. Жүктілікке дейін дене салмағы тапшы әйелдерде апта сайынғы салмақ одан да көп болуы мүмкін.

EmptyView