17 аптада сіздің балаңыз анардың өлшеміне жетті. Оның денесінің ұзындығы 12-15 см, салмағы - 150 г. Алақанға салатын болсаңыз, ол соған тура сиятын болады. Қазір оның бет-әлпеті адамға ұқсайтын болды.
Майлы тін ұрықтың тері астына өсе бастайды. Қаңқаны құрайтын шеміршек тінінің орнын сүйек баса бастайды. Барлық дерлік буындар қозғалуы мүмкін, терде тер бездері пайда болады.
Осы аптада кіндік қалыңдайды және күшейе түседі. Енді жүйке жүйесі баланың жүрек соғуына әсер етуі мүмкін.
Сіздің нәрестеңізде қазір жатырдан тыс өмір сүруге қажетті барлық рефлекстер бар. Оның үйлестіру қабілеті жақсарады, сору және жұту рефлексі жақсарады, есту қабілетінің дамығаны соншалық, ол сөйлеу мен әуенді жаттай алады.
Нәрестенің алақанының, аяғының, қолдары мене аяқтары саусақтарының ұштарының терісі өзіндік ерекше өрнекпен жабылған.
Ми қыртысының белсенді дамуы жалғасуда. Гормондардың әсерінен жыныс мүшелері соңғы көрінісін алады, сол арқылы баланың жынысын анықтауға болады.