Жүктіліктің 40-шы аптасы – лайықты түрде демалуға себеп.
40 апта мерзімінің маңызды қауіптілігі – қарқынды босану. Нәресте жарық дүниеге тез туылуы мүмкін, әсіресе, бұрын босанған болсаңыз. Сондықтан дәрігер бағалы уақытыңызды жоғалтпас үшін стационарға «сақтау мақсатында» жатуды ұсынуы мүмкін.
Егер мұндай мүмкіндік болмаса, шаршататын және ұзақ сапарларға шықпаңыз.
Бала туылғанға дейін қалған уақытта дұрыс демалу керек. Нәресте дүниеге келгеннен кейін осындай бос уақытты аңсайтын боласыз, сөзіме сеніңіз.
Сабыр сақтаңыз, өйткені сіздің жағдайыңыз балаға қатты әсер етеді. Босануға дайындалыңыз және тек жақсылық болады деп ойлаңыз.
Бұл кезеңде тамаққа қатысты тәжірибе жасамай-ақ қойыңыз. Ақуыз бен көмірсуға бай тағамды жеген дұрыс: олар босану кезінде күш-қуат жинауға көмектеседі. Қазір оганизмге К дәрумені қажет (ол асжапырақта, орамжапырақтың барлық түрлерінде, спаржа, татымды шөптер, алхоры және қара өрікте болады). Бұл элемент қанның ұюын жақсартады, бұл босану кезінде аса маңызды. Сондай-ақ, сары, қызыл және қызғылт көкөністер мен жемістерде, сиырдың бауырында, жұмыртқаның сарысы мен майлы сүт өнімдерінде болатын А дәрумені қажет. Оның тапшылығы бала салмағының жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Жүктіліктің 39-40 аптасында сізге В тобының дәрумендері қажет: олар нәрестенің дұрыс жетілуіне ғана емес, сонымен бірге ананың әл-ауқатын да жақсартады. Олардың ең құнды қайнар көзі — құрғақ сыра ашытқысы, бірақ оны дәрігермен кеңескеннен кейін ғана ішуге болады. Сондай-ақ, В тобының дәрумені сұлы, тары, ет, балық, жұмыртқа, бұршақ және сүтқышқылды өнімдерде болады.
Көбінесе болашақ ата-аналарды жүктіліктің 39-40-шы аптасында жыныстық қатынасқа түскен зиян ба деген сұрақ толғандырады. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда бұған тыйым салынбайды. Кейбір жағдайларда жыныстық қатынас тіпті, босануға дайындық құралы ретінде ұсынылады. Шәует құрамында жатыр мойнын жұмсартатын простагландин гормоны бар, ал әйелдің бас кешірген оргазмы толғақтың басталуына әсер етеді.
Аналарға арналған ұсыныстар:
Таза ауада серуендеуді ұмытпаңыз.
Жалғыз қалмауға және ұзақ сапарға шықпауға тырысыңыз.
Күндіз 1-2 сағат демалыңыз, түнде кемінде 8-9 сағат ұйықтаңыз. Сізге босану және жаңа туған нәрестеге күтім жасау үшін күш-қуат қажет.
Белсенді әйелдер жаттығуды уақытша тоқтатқан дұрыс. Жүктіліктің 40-шы аптасы – бұл өте маңызды кезең, сондықтан кез келген дене белсенділігі ананың денсаулығы мен баланың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Спортзалда немесе бассейнде жаттығудың орнына ұзақ уақыт серуендеңіз, тыныс алу жаттығуларын, үй жағдайында жеңіл жаттығулар, Кегель жаттығуларын жасаған жақсы.
Сіз жарық дүниеге сәби әкелуге толықтай дайынсыз!