Ана атануға дайынсыз ба? Ана атануға дайынсыз ба?
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Ана атануға дайынсыз ба?

Бала туудан қорқу – жүкті әйелдердің көпшілігі кездесетін классикалық құбылыс. Бұл қиын жолда болашақ ананы қандай қорқыныш күтіп тұр?

Бала және мансап

Сіз үшін қайсысы маңыздырақ? Мансап сатысымен көтерілу ме, әлде баланы тәрбиелеу ме? Бұл бір ұғым екіншісінің орнын баса ма, өйткені кейбіреулерде кейде ана атанудан гөрі сәтті мансапқа деген талпыныс басым болады. Бұл өте маңызды мәселе, оны тек өзіңіздің шынайы арманыңыз арқылы шеше аласыз. Мансап болсын делік, сіз декреттік демалыста болған кезде мансабыңыз қатты зардап шеге ме?

Бос уақыт

Жүктілік – бұл гормоналды аядағы ең күшті өзгеріс, содан кейін шындыққа оралу өте қорқынышты болуы мүмкін, әсіресе, ол кезде қолыңызда жас сәби болатынын, оған уақыт керек екенін ескеріңіз. Егер айналаңызда сізге бос уақыт беру үшін баланы қарауға дайын адамдар болса, жолым болды дей беріңіз.

Балалы болу туралы шешім қабылдағанда өміріңіздің алғашқы жылында нәрестеге барлық бос уақытыңызды мүмкіндігінше бөлуге міндеттісіз, басқаша болмайды. Баламен қарым-қатынасты үзу алыстауға әкеледі, сөйтіп кішкентайыңыз айтарлықтай махаббат ала алмай қалады.

Әйелі мен күйеуі

Күйеуіңізбен қарым-қатынасыңызды өзгертуге дайынсыз ба? Бұл қандай жағдай болса да, орын алады, бәрін әңгімелесу арқылы ғана шешуге болады.

Қаражат жоқ

Бұл сұраққа ешкім жауап бермейді, өйткені қанша ақша қажет екенін өзіңіз анықтайсыз. Нәрестеге ең сәнді бесік арба мен сансыз көп ойыншықтарды сатып алу маңызды емес. Бірақ өскен сайын жағдай өзгереді, бірақ бұл мүлдем басқа оқиға.

Қалай болғанда да, қорқыныштарға қарамастан, бала өмірге келгеннен кейін өміріңіздің мәні өзгереді. Бірнеше ай ана болғаннан кейін кез келген әйел әлемге деген көзқарасын өзгертеді, тіпті, бұған дейін бала болғанын қаламаймын деп бүкіл әлемге жар салған әйел де өзгереді немесе жасы қырыққа келіп қалғанда бұл мәселені ойлай бастайды.

Босану кезінде әйел керемет күшке ие болады. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап, сәбидің кішкентай қолдарына, езу тартқан күлкісіне және өкшесіне бір қарағанда-ақ, бүкіл денесін махаббат жаулап алады. Бұл махаббат бұрын-соңды басыңыздан кешірген махаббаттан миллион есе күшті. Бұл барлық қорқыныштарды жеңіп, өмір сүруге мәжбүр ететін махаббат.

Бала пайда болғаннан кейін өмір аяқталмайды және көңілсіз болмайды. Ана атану әйелге керемет күш, сабырлылық пен сұлулық береді.

EmptyView