Жүкті әйелдерге арналған ТОП 5 кеңес. Босануға қалай дұрыс дайындалу керек Жүкті әйелдерге арналған ТОП 5 кеңес. Босануға қалай дұрыс дайындалу керек
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүкті әйелдерге арналған ТОП 5 кеңес. Босануға қалай дұрыс дайындалу керек

Әйелдер босанудан қорқады. Әсіресе, алғаш рет ана болайын деп жатқан аналар. Бізді белгісіздік қорқытады, сондықтан өзімізді жұбату үшін босану процесі туралы көбірек білгеніміз дұрыс, ал кейбір нәрсесін аздап жаттықтыру қажет.

  • Бета-стрептококқа талдама тапсыру

Босанғанға 3–5 апта қалғанда жүкті әйелдің бета-стрептококқа жыныс жолдарынан жағынды тапсырғаны дұрыс. Бұл бактериялар сәбиде менингиттің, пневмонияның, қан жұқпаларының болуына алып келуі мүмкін. Егер осындай қауіптің бар екені расталса, сәбиге жұғу қаупін төмендету үшін дәрігер әйелге антибиотик тағайындауы мүмкін.

  • Тыныс алуды үйрену

Босанудың жылдамдығы мен қаншалықты ауыр болатыны босану кезіндегі дұрыс тыныс алуға байланысты болуы мүмкін.

Тыныс алу техникасын алдын ала меңгеріп алуға болады. Егер серіктестік босануды жоспарласаңыз, онда жақын адамыңызбен дем алу мен дем шығару реттігін үйреніп алуға болады. Мұндай жағдайда, егер абыржып қалсаңыз, ол «сіз үшін» тыныс ала бастаса болады, ал сіз жай ғана оның артынан қайталай бересіз.

Бұған қоса, босану кезінде тыныс алу техникасы анаға сабырлық сақтауға көмектеседі: нұсқаулықтағының бәрін орындап отырса, ол абыржуды тоқтатып, «ақымақтық» жасамайтын болады. Әйелдердің жасайтын басты қателіктері: босану процесін басу үшін айқайлап, қысылады. Арнайы тыныс алу сізді пайдасы жоқ, тіпті зиян келтіруі мүмкін бұрыс әрекеттен арылтады.

Толғақ жаңа басталғанда төртке дейін санап мұрын арқылы дем алып, алтыға дейін санап ауыз арқылы дем шығарыңыз. Дем алу дем шығаруға қарағанда қысқарақ болуы тиіс. Бастысы: мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығару.

Толғақ күшейіп, жиілей бастағанда тыныс алуды жылдамдату керек. Мұндай техниканы «ит сияқты тыныс алу» деп атайды. Иттердің ыстық күнде тыныс алатыны сияқты ауызды сәл ашып, үстіртін тыныс алу қажет.

Жатыр мойны ашылғанда «паровоз» болып тыныс алуға болады – үстіртін, тездетіп. Мұрынмен дем алып, ерінді түтікше сияқты жасап, ауызбен тез дем шығарыңыз. Бұл әдіс ең ащы толғақта «тыныс алуға» көмектеседі.

  • Дұрыс күшенуді үйрену

Босану кезіндегі қынаптың жыртылуы әйел адамның дұрыс күшенбегенінен болады. Басты ереже – дүрлікпеу. Дүрлігу бар білгеніңізді ұмыттырады. Ал егер ештеңе білмеген болсаңыз, ашынудан сіз дәрігерді тыңдау және есту қабілетінен айырыласыз.

Күшенуді аАлдын алаү йреніп алу айтарлықтай қиын. Бірақ мінез-құлық тактикасын алдын ала теорияда үйреніп алып, оны босану процесінде тәжірибе түрінде жасауға болады.

Дәрігердің немесе акушердің әмірімен күшену қажет. Бір толғақ кезінде әдетте үш рет күшенеді. Қысымды тік ішекке емес, жатырға бағыттауға тырысыңыз, басқа бағыттаудан аулақ болыңыз, әйтпесе көздің қан тамырларын жарып жіберуіңіз мүмкін. Толғақ арасында дем алуды үйреніп алған маңызды. Жеткілікті босаңсып алмасаңыз, «күшенуге» күш те, тәртіп те жетпей қалуы мүмкін. Қорқыныш пен толқуды бақылауды үйреніңіз, есіңізде болсын: сіз сенімді қолдасыз, қандай жағдай болмасын, бәрі жақсы болады, ал егер сіз босану процесіне белсенді әрі сауатты қатыссаңыз, бәрі сөзсіз жақсы болады.

  • Босану түрін таңдау

Сәбилер табиғи жолмен немесе кесарь телігі арқылы дүниеге келеді. Бұл аса маңызды мәсел және де мұнда медициналық көрсеткіштер мен дәрігердің кеңестері шешуші роль атқарады.

Ананың қасына тек дәрігерлер болады немесе босануға жақын адамын: күйеуін, анасын, әпке-сіңлісін, құрбысын шақырса болады. Таңдау өзіңізде, бірақ егер серіктестік босануды жоспарласаңыз, перзентхана қызметкерлеріне алдын ала ескертіп қоюыңыз керек. Туысыңыз босану процесі барысында жайдан-жай босандыру бөлмесіне еш келісімсіз және дайындықсыз кіре алмайды.

Егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, табиғи босану операцияға (кіші немесе ірі) ұласып кетуі мүмкін. Сол кезде сізге жансыздандыратын дәрі қажет болуы мүмкін. Анестезияның қай түрі қажет екенін емдеуші дәрігермен алдын ала талқылап алыңыз.

Тағы бір нюанс. Ғалымдар сәбиді анасы туа салып бірден кеудесіне алса, сәби үшін ол өте маңызды екенін анықтады. Осылайша, баланың иммунитеті қалыптасады, ал нәрестенің өзі босану кезіндегі күйзелістен тынышталады, себебі анасының жүрек қағысы мен оның даусы – осы қорқынышты әлемдегі сәбиге таныс жалғыз нәрсе. Дәрігер мен акушерден сіз босанатын перзентханада қандай ережелер барын анықтап алыңыз.

EmptyView