Қай сарапшының кеңесіне сенуге болады
Біз кімге көбірек сенім артамыз? Туыстарға ма, достарға ма, жақындарға ма, сарапшыларға ма, өзімізге ме? Психолог және танымал ғылыми бестселлерлердің авторы Рихард Прехттің пікіріне сәйкес, біз жақсы білетін адамдарға сенеміз. Бұл тіпті, биология тұрғысынан да түсінікті: біздің организміміз рухани жайлылықты тудыратын окситоцин гормонының әсерлі мөлшеріне сенуге болатын адамдарға жауап береді. Бірақ сарапшының пікірі қажет болған кезде қалай әрекет ету керек? Балаңыздың денсаулығын кімге сеніп тапсыруға болады және ондай маманды қалай табуға болады? Педиатрды таңдаған кезде қандай нәрселерді негізге алу керек?
Заңдар туралы бірер сөз.
Заң бойынша, пациент медициналық мекемені, сондай-ақ ондағы дәрігерді таңдай алады. Егер дәрігер қандай да бір себептермен сенім ұялатпаса, оны қашанда өзгерте аласыз, бір ғана емханаға және бір ғана дәрігерге қаралатын уақыт өтіп кетті. Көптеген аналар бірдей қателік жібереді: олар бірінші көрінген дәрігерді таңдайды. Шын мәнінде, ойланып, артықшылықтар мен кемшіліктерді мұқият сараптау керек.
Мінсіз сарапшының қарапайым формуласы өкінішке орай, жоқ, бірақ дұрыс бағыт бере алатын кейбір мәліметтер бар:
Тазалық пен тәртіп.
Униформасының тазалығын қадағаламайтын, сондай-ақ жұмыс үстелінде тазалық тәртібін сақтамайтын дәрігерге сенбеңіз. Алайда, бұл ережені фанатизмге айналдырмаңыз және жеңілдік жасай біліңіз: егер дәрігерді шұғыл түрде шақырсаңыз, бұл нәрселерге кешіріммен қарай біліңіз.
Заманауи ұсыныстар және тұрақты түрде өз бетінше білім алу.
Дәрігер үздіксіз білім алуы керек. Күн сайын жаңа ұсыныстар пайда болып жатыр, жақсы дәрігер оларды зерттеп, өз тәжірибесінде қолдануға тырысуы керек. Егер дәрігер өз бетінше білім алмаса, ол тиімділігін жоғалтады. Мұндай дәрігерлер көбінесе, жаңа нәрсені қабылдамайды.
Жақсы дәрігер ешқашан фотосуретке, шағымға немесе дауысқа қарап диагноз қоймайды. Дәрігер сізді қабылдауына шақырады, қажет болған жағдайда қосымша талдаулар тағайындайды. Тексермей жатып дәрігер тек болжай алады, бірақ қорытынды диагноз жасай алмайды, тіпті, ем де тағайындай алмайды.
Егер педиатрыңыз сізді сала маманынан кеңес алуға жіберсе, бұл оның жаман дәрігер екенін білдірмейді. Керісінше! Салалық профильді көмек пайдалы болуы мүмкін және дәрігеріңіздің мұндай бағытқа ашық екендігін білдіреді, демек ол әріптестерінің пікіріне ден қояды деген сөз.
Зейінділік.
Мұнда айта кетерлік бір жәйт, екі сағат бойы баланың ұйқысы нашар екендігін тыңдап отыратын адам емес, егжей-тегжейлі ақпарат алып, алдыңғы фактілерді анықтайтын адам мұқият дәрігер болып табылады. Нақтылау сұрақтары диагноз қою кезіндегі маңызды мәселе.
Дәрігердің іс-әрекетін түсінуіңіз керек және нақтылау сұрақтарын қоюыңызға мүмкіндігіңіз болу керек.
Егер педиатрыңыз сұрақтарыңызға жауап бермей, бәрін құпияда ұстаса, мұндай дәрігерді ауыстыру мәселесін ойланған жөн.
Сарапшылар мен дәрігерлерге сөзсіз сенуге бола ма?
Мұндағы басты ереже – «фанатизм» болмау керек. Ең беделді сарапшы айтқан кез келген пікірдің өзін ойланып, өз жағдайыңызға сәйкестендіруіңіз керек. Кеңестер барлық адамға бірдей қатысты бола бермейді. Баласын ата-анасынан, әсіресе, анасынан артық ешкім білмейтінін есте ұстаған жөн. Құрметті адамдар мен дәрігерлерді тыңдап, көп ақпаратқа «қанығып», осы кеңестердің қайсысы балаңызға келетіні туралы қорытынды шығарсаңыз, бұл ең жақсы стратегия болмақ. Артық ақпарат – қазіргі қоғамның үлкен проблемасы. Сенетін адамдарыңыздың пікірін тыңдаңыз.