Балаңыздың тәбеті бұрынғыдай емес екенін байқадыңыз ба? Уайымдамаңыз. Бұл қалыпты жағдай Балаңыздың тәбеті бұрынғыдай емес екенін байқадыңыз ба? Уайымдамаңыз. Бұл қалыпты жағдай
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Балаңыздың тәбеті бұрынғыдай емес екенін байқадыңыз ба? Уайымдамаңыз. Бұл қалыпты жағдай

Әр ана баласының тамақтанудан бас тартуын ауыр қабылдайды және оны үрейленудің белгісі деп санайды. Танымал балалар дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, тележүргізуші Евгений Комаровский неге алаңдамауға болатынын айтады.

- Егер баланың дені сау және көңілді болса, бірақ ештеңе жемесе немесе аз жесе, бұл оның проблемасы емес, сіздің проблемаңыз, – дейді Евгений Олегович. – Өз балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз. Өзіңізге «Баланың тамақ жегісі келмей ме, әлде жей алмай ма?» деген сұрақ қойыңыз. Біріншісі – қалыпты жағдай, ал екіншісі баланың денсаулығы нашар екенін білдіреді.

Мынадай белгілерге уайымдамаңыз:

  • Баланың қолы босамай жатыр (ойнайды, мультфильм көреді), жаңа ғана оянып, қарны ашатындай болған жоқ, тым қатты ашуланып тұр, соның салдарынан тамақ жеуден бас тартты.

  • Бала ауырып тұрғандықтан тамақ ішпейді. Организм инфекциямен немесе вируспен күрескенде тәбеттің төмендеуі – табиғи нәрсе. Қандай жағдай болмасын, баланы тамақтандыруға мәжбүрлемеңіз, одан да көбірек су ішетініне көз жеткізіп, ауыруын емдеуге көңіл бөліңіз.

  • Талғампаздық, әсіресе, өмірінің алғашқы жылында. Ол әдетте, организмнің белгілі бір тағамдарға деген қажеттілігін көрсетеді. Көптеген балалар 6-10 айында көкөніс тағамдарынан бас тартады, көбіне сүт тағамдарын ұнатады, бұл қалыпты жағдай. Алайда бала неғұрлым үлкейген сайын талғампаз бола бастайды, бұл жүре пайда болған әдеттердің салдары.

  • Бала тамақ ішпейді, өйткені күш-қуатын мүлдем жұмсамайды. Мінеки, сондықтан бала көбірек серуендеп, қозғалатын демалыс күндері не берсеңіз де, қуана-қуана жеп алады.

  • Тәбет мезгіл-мезгіл өзгеруі мүмкін, мысалы, организмдегі зат алмасу процестері белсенді жүрген кезде өсу гормондарының әсерінен ашылады.

Тәбетті жақсарту үшін арнайы бірдеңелер жасаудың қажеті жоқ, ал баланың тамақтанудан бас тартуын қайғылы жағдай ретінде қабылдамау керек

Мынадай жағдайларда ерекше назар аударған жөн:

Кейде бала тамақтанғысы келеді, бірақ тамақтана алмайды. Көбінесе, бұл емшек еметін балаларға қатысты.

Мұндай мінез-құлықтың себептері:

  • тамақты қабылдаудағы қиындықтар: емізіктің жалпақ болуы, омыраудың «қатты» болуы және т.б.;

  • ему, шайнау немесе жұту ауырсынуды тудыратын ауыз қуысындағы қиындықтар: стоматит, уылу, тістің шығуына байланысты қызылиектің қабынуы, жай тіс ауыруы, жұтқыншақ аймағындағы қабыну процестері (тонзиллит, фарингит);

  • ішек проблемалары: кейде емшектегі балалар еме бастаған кезде ішектің толқи жиырылуы күрт күшейеді, ал газ шамадан тыс түзілгенде, іш қатуға бейімділік, қабыну процестері болған кезде ішті ауыртуы мүмкін;

  • тыныс алудың бұзылуы: егер баланың мұрны «бітеліп» тұрса, ему кезінде ыңғайсыздық сезімі пайда болады, өйткені ауыз арқылы тыныс алу мүмкін болмайды;

  • тағамның дәмі (сорпа тым тұзды болса, емізетін ана сүтке әсер ететін сарымсақ жесе және т. б.) немесе нақты бір өнімнің жақпауы (балаңыз бір қасық ұнтақ жарма ботқасын да жей алмаса, мәжбүрлемеңіз!);

  • тағамның физикалық сипаттамалары: ыстық, суық, бөліктері үлкен, бірақ шайнауды әлі үйренбеген, сондықтан да қақалады. Бұл қиындықтардың бір бөлігін ата-аналар өздері шеше алады, бір бөлігі дәрігерлердің көмегімен шешіледі. Қалай болғанда да, бұл баланы күштеп тамақтандыруға себеп емес.

Не істеуге болмайды:

  • Баланы әртүрлі жазалау түрлерімен, ашуы қатты милиционер ағамен және т.б. қорқытып, баланың қарсылығына төтеп беруге тырыспаңыз.

  • Тамақты ойынға айналдырмаңыз (қасық – бұл автокөлік, ал ауыз – оған арналған гараж және т.б.).

  • Баланы кітаппен немесе мультфильмдермен алдап, тәрелкедегі нәрсенің бәрімен тамақтандыруға тырыспаңыз.

  • Барлық үлесімді (ойыншық, серуендеу, циркке бару) жегені үшін сыйақы беремін деп уәде бермеңіз.

Тамақты қызықты көрініспен, яғни әжесінің әнімен, атасының билерімен қосарластырмаңыз.

EmptyView