Инстаграмдағы балаңыз бейнеленген  жарияланымдар: қолдаймын және қарсымын  Инстаграмдағы балаңыз бейнеленген  жарияланымдар: қолдаймын және қарсымын
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Инстаграмдағы балаңыз бейнеленген жарияланымдар: қолдаймын және қарсымын

Өмірде біздің, ата-анамыздың немесе таныстарымыздың үйінде мереке болып, қонаққа келетін жағдайлар көп. Сый-сыяпат, тәтті тағамдар, көңілді ересектер. Содан кейін X сәті келеді, ата-аналар баласының қолайсыз жағдайларда түсірілген сәби кезіндегі суреттерін көрсете бастайды, ал құбылмалы жасөспірімдердің психикасына бұл жағымсыз әсер етеді. Мінеки, мына жерде ол ішін босатып жатыр, ал мына жерде тыр жалаңаш жүр.

Уақыт өзгереді, онымен бірге технологиялар да өзгереді. Қазір тамаша камералары бар смартфондар тұрғанда үлдірлі немесе цифрлық фотоаппараттар қажет емес, ал альбомның орнына бәрін Instagram-дағы өз аккаунтыңызға жариялауға болады. Ата-аналар апта сайын жүздеген посттар мен Stories жариялайды, тіпті, балаларының атына да аккаунттар ашады. Бұл маңызды.

Ата-аналар балаларына Instagram ашып, баланың бүкіл өмірін және өсіп-жетілуінің әр кезеңін сипаттайды, бірақ бір әттегені – бұл аккаунтты үйіңіздегілер ғана емес, бүкіл әлем тамашалайды. Сіз бұл проблема емес деп ойласаңыз, АҚШ-та Ұлттық ғылыми қордың демеушілігімен отбасы және технология сияқты ұғымдарды байланыстыратын зерттеу жүргізілген екен. Зерттеуге 10-17 жас аралығындағы балалары бар 247 отбасы қатысқан, ал балалардың ата-аналарына қойған ең көп талаптарының бірі балалардың рұқсатынсыз олардың фотосуреттері мен олар жайлы ақпаратты жарияламау болған екен.

Жағдайды түсінгеннен кейін де, мәселе соншалықты өзекті емес деп ойлауыңыз мүмкін (бұл ақпараттық технологиялар ғасырында дұрыс емес, технология өркендеген кезде дүниеге келген жандармен салыстырғанда біз үшін бұл үйреншікті емес). Бірақ дәл осындай ұсақ-түйектерден балаңызға деген көзқарас қалыптасады. Тым болмағанда, бала өзін жеке тұлға ретінде құрметтемейсіз және мен мұндай құрметке лайық емеспін деген қорытындыға келеді.

Мұндай мәселені қалай шешуге болады? Баламен жақсы қарым-қатынасыңызды сақтау үшін рұқсат сұраңыз және мүмкіндігінше, Instagram-ды бірге жүргізіңіз, сонда бәрі жақсы болады, ал сіз ұрпақтарды жақындастыратын бірлескен хобби құра аласыз.

EmptyView