Түбектен дәретханаға отыратын кез келді
Уақыт өте келе нәресте ересектердің дәретханасына қызығушылық таныта бастайды. Бәлкім, баланы унитазға үйрететін уақыт келген шығар. Бұл қаншалықты қиын болса да, қарапайым кеңестерге құлақ ассаңыз, бұл мәселе оңай шешіледі.
Дәретханаға үйретуді қашаннан бастау керек?
Балаңыз күн сайын бір уақытта түбекке отыратынын байқадыңыз ба? Бала шалбары мен ішкиімін өзі шеше ала ма, баспалдақтан шыға ала ма, осыған назар аударыңыз. Бұл ұсақ-түйектер баланы түбектен қалай дәретханаға ауыстыруға болатындығын және ересектердің дәретханасына көшуге физикалық дайындықтың белгісін көрсете алады. Бірақ физикалық дайындық – бұл бір нәрсе, ал эмоционалды жетілу – бұл басқа мәселе.
Мақтау және қолдау
Дәретханаға үйрену бала үшін өте қиын міндет болуы мүмкін. Оның жетістіктерін арнайы күнтізбеге арналған жапсырмалар арқылы бекітуді ұмытпаңыз. Баланың түбекке отырғысы келсе, оған ешқашан ұрыспаңыз. Өйткені бала тіпті, жөргекке қайта оралуы мүмкін.
Кесте бойынша жүріңіз
Баланы әдетте, түбекке отырғызып жүрген уақытта унитазға отырғызыңыз. Мысалы, кешкі астан кейін немесе ұйықтар алдында. Тіпті, қажеттілікті іске асырмаса да, балаға дәретханаға дағдыландыра аласыз.
Өзіңіз үлгі ретінде көрсетіңіз
Қыздарды да, ұлдарды да унитазға отырғызып үйреткен жөн. Шалбарды, колготканы және ішкиімді қалай шешу керек, унитазға қалай отыру керек, өзіңізден кейін қалай сүртіп, жуу керек сияқты бүкіл процесті қадам-қадаммен көрсетіңіз. Балалар ересектерге арналған унитазға үлкен дәрет сындыруды үйренгеннен кейін еркектер немесе отбасындағы үлкен балалар ұлдарға дәретханаға қалайша тұрып дәрет сындыруға болатынын көрсете алады.
Унитазға арналған арнайы баспалдақ пен қондырманы қолданыңыз
Әдетте балаларға арналған отырғыштар түрлі түсті болады, балаларға бұл міндетті түрде ұнайды. Арнайы баспалдақ балаға өз күшіне деген сенімділік береді.
Дәретхана туралы жазылған кітаптарды оқыңыз
Дәретханаға баратын суперкейіпкерлер? Осы жастағы бала үшін бұдан артық не болуы мүмкін? Көптеген кітаптар бар, онда кейіпкерлердің дәретханаға үйрету процесін мүмкіндігінше ыңғайлы ететін әрі күрделендірмейтін қызықты әңгімелері бар.
Үйрету барысында балаға дәретхана қағазын қаншалықты пайдалану керектігін көрсетуді ұмытпаңыз. Азғантай бөліктің жеткілікті екенін көрсетіңіз. Тіпті, түрлі түсті жылтырақтары бар арнайы көрсеткі жасап, оны қабырғаға орната аласыз, дәретхана қағазы орамының астына қойып, орамды қаншалықты алуға болатынын көрсете аласыз. Сонда бала қашан тоқтау керектігін біледі.
Шыдамдылық пен ұқыптылық танытыңыз, балаға дәретхананы қолдануды міндетті түрде үйретіңіз, өйткені бала сіздің қолдауыңызды сезеді.