Балаңыздың үйдегі қауіпсіздігі
Әр үй әртүрлі, сондықтан кеңістікті өзіңіз бақылағаныңыз дұрыс. Дегенмен, баланың үйдегі өмірін қорғауға көмектесетін бір әмбебап жаттығу бар. Бұл өте қарапайым: бұл әлемге баланың көзімен қарап көріңізші. Егер ол қазірше үйді аралап еңбектеп жүрсе, сіз де оның сүйікті жерлерімен еңбектеп жүріңіз. Егер қазірдің өзінде сенімді қадамдар жасап жүрсе, жүрелеп тұрыңыз да, әр бөлмеде оның қозғалу траекториясымен жүріңіз. Сонда үйіңізден бірден көптеген қызықты нәрселерді таба алатындығыңызға және қажетсіз қауіпті заттарды алып тастайтындығыңызға сенімдіміз.
Тумбочка және басқа жиһаздың барлық шығыңқы бұрыштарын қалың материал қабатымен жабуға болады, мысалы, поролон.
Белгісіз «қашықтықтарға» созылған барлық әдемі сымдарды алып тастаңыз: оларды тартып қалған бала үтік, телефон және басқа да үлкен техниканы өзіне құлатып алуы мүмкін.
Балаға әлгі сымдарды салуға болатын розеткалар да өте қызықты. Оларға бірден бітеуіш қойып тастаған жақсы.
Дастарқанды ішіне қайырып қойыңыз, бала оны тартып қалып, дастарқандағы заттардың бәрін өзіне құлатып алуы мүмкін.
Едендегі барлық ұсақ заттарды аузына салғысы келеді!
Еденде ұсақ-түйек нәрселер қалмау үшін мұқият қарап шығыңыз. Осылайша баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
Ванна бөлмесі, ең алдымен, еденге және жиһаздың төменгі сөрелерінде тұратын тұрмыстық химия заттарымен қауіпті болуы мүмкін. Бәрін мүмкіндігінше жоғары қойған жақсы.