Жүктіліктің 33-ші аптасында денеңіз бен ағзаңызда болатын өзгерістер Жүктіліктің 33-ші аптасында денеңіз бен ағзаңызда болатын өзгерістер
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 33-ші аптасында денеңіз бен ағзаңызда болатын өзгерістер

Медицина оқулықтарына сәйкес босану үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге жатыр мойнының, жатыр мен туу жолының арасындағы бұлшықеттердің толық кеңеюі (ашылуы) кіреді. Босанудың екінші кезеңінде бала жатыр мойны мен туу жолдары арқылы жатырдан итеріліп шығарылады. Үшінші сатыда бала жолдасы шығады.

Бірақ осы үш медициналық кезең әйелдердің не сезіп жатқанын көрсете бермейді. Босанар алдындағы және босанудың бірінші кезеңі әдетте екіншісіне қарағанда анағұрлым ұзақ болады, ал үшінші кезең болса көбінде білінбей қалады, себебі босанған әйел бар назарын денесінде не болып жатқанына емес, балаға қарай аударады.

Босану алдында

Жүктіліктің соңғы апталарында гормондар әйелдің денесін бала тууға дайындай бастайды.

Әр әйелдің босануы мен босану алдындағы дайындық тәжірибесі әр түрлі болады, бірақ жақын арадағы бірнеше күн немесе апта ішінде босанып қалатынын көрсететін бірнеше белгі бар. Бұл белгілер бірнеше апта, күн немесе тіпті сағат ішінде кез келген тәртіпте пайда болуы мүмкін және сіз оларды байқамай қалуыңыз да мүмкін.

Баланың орнығуы («іштің түсуі»)

Босану алдында бала жамбасқа түседі. Бұл қыжылдан арылтады және тыныс алуды жеңілдетіп, өкпеге түсетін қысымды азайтуы мүмкін. Алайда, бала қуыққа салмақ түсіріп, сол себептен сіз жиі-жиі кіші дәретке барғыңыз келіп тұрады. Жүйке жүйесі мен қан тамырларына түсетін жоғарғы қысым көбінде аяқтың тартылуына, аяқ пен балтырдың ісінуіне алып келеді. Аяқтың ісінгенін азайту үшін аяғыңызды барынша биік көтеріп, сол жақ бүйіріңізге жатыңыз.

Дәрігер баланың орналасқанын жамбастағы «деңгей» немесе «нөлдік нүкте» деп аталатын жамбас тұсындағы жазықтық дейтін екі сүйек проекциясына қатысты анықтай отырып, баланың басының түсу дәрежесін анықтайды. Баланың басы осы деңгейден 2 см жоғары болғанда, ол «нөлдік нүктеде минус екі», 1 см төмен болғанда, «нөлдік нүкте плюс бір» деп айтылады.

«Ұялау» / энергияның шығарылуы

Жүктіліктің соңында сіз өзіңізді өте ауыр сезінесіз. Бірақ, бір күні таңертең үйдің бәрін жарқыратып, жуып-тазалап, тамақ дайындап, күміс қасықтың бәрін жалтыратып қойғыңыз келіп оянасыз. Өзіңізге аяушылық танытыңыз, бұл қосымша күш-қуат сізге босану кезінде қажет болады, сондықтан бала тумай тұрып бүкіл жұмысты жасап тастауға тырысып, үй ішінде «ұшып» жүрмеңіз.

Салмақ тастау

Гормондық фонның өзгеруі сұйықтық мөлшерін азайтатындықтан, кейбір әйелдер босанар алдында тәулігіне 500 г дейін салмақ тастайды.

Белдің төменгі жағының ауыруы

Кейбір әйелдер қайта-қайта белдері сырқырап ауыратынын, соның салдарынан ашуланып, мазалары қашатынын айтады.

ЕАС белгілері

Тура босану алдында етеккір алдында болатындай белгілер пайда болады: ашушаңдық, бас ауруы, шаршау.

Шырышты тығынның шығуы

Жатыр мойны жүктілік кезінде жабысқақ шырыш тығынмен жабық тұрады, ол жатыр мойны жұмсарып, кеңейе бастағанда шығып кетеді. Бұл босануға бір апта қалғанда немесе одан сәл ертерек, тура босанып жатқанда да болуы мүмкін. Шырышты тығын қызғылт немесе қоңыр түсті қанмен сіңірілген.

Айтолғақ (Брэкстон-Хикс толғағы)

Босану алдында бірнеше апта бойы жатыр сізге сезілмеуі де мүмкін әлсіз толғақтар сериясын бастап, жаттыға бастайды. Мұндай толғақтар шамамен 30 секундқа созылады және аралығы тұрақсыз болып қайталанады. Кейде олар оқтын-оқтын іш ауыратындай сезіледі және осындайда іш «қатып қалуы» мүмкін.

Кейбір әйелдердің айтолғағы кәдімгідей ауыр болатындықтан, түнгі ұйқысы бөліне береді. Бұл сізге жүкті әйелдерге арналған курстарда айтқан релаксация техникасын пайдалана бастаудың тамаша мүмкіндігі.

Босану мерзімі жақындағанда (өкінішке орай, болжалды күн деп аталатын күні туатын әйелдер саны өте сирек) айтолғақ, сізге байқалғанша, жиілеп, күшейе түсуі мүмкін: «Тоқтай тұрыңыз, басталған шығар?!». Оларды жиі жалған толғақ деп жатады және жүкті әйелдердің көбі түн ортасында ауруханаға келіп жатады, бірақ оларды әрі қарай күту үшін үйлеріне қайтарып жатады.

Егер сіз босанып жатқаныңызға күмәндансаңыз, қолыңызға қағаз, қарындаш және секундтық тілі бар сағат алып, толғақтың қандай уақыт аралығында қайталанып жатқанын және ұзақтығын белгілей бастаңыз.

Айтолғақ әдетте тұрақты түрде қайталанбайды және сіз кішкене жүре тұрсаңыз, ол жоғалуы тиіс. Нағыз толғақ күшейе түседі және бірдей уақыт аралығында қайталана береді.

EmptyView