Жүктіліктің 3-ші триместрінде болатын қынап уылуы: белгілері мен себептері Жүктіліктің 3-ші триместрінде болатын қынап уылуы: белгілері мен себептері
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 3-ші триместрінде болатын қынап уылуы: белгілері мен себептері

Жүктіліктің барлық болмашы асқынуының ішінен қынаптың уылуы ең көп тараған түрі болып табылады. Статистика бойынша, әйелдердің көбінде жүктілікке дейінгі өмірлерінде ең кемінде бір рет қынап уылу жағдайы болған.

Оны қынап кандидозы немесе монилиаз деп те атайды. Қынаптың уылуы көбінесе жүктілік кезінде пайда болады, алайда оның баланың дамуына зиян келтіретініне ешқандай дәлел жоқ.

Буырқанған гормондар, қынаптық pH, рацион мен метаболизмнің өзгеруі кандидоздың неліктен болашақ аналардың көбіне қиян келтіретінін түсіндіреді. Әйелдер қынаптың уылу белгілерімен жақсы таныс және дәріханалық препараттардың көмегімен бірден одан құтылуға тырысады.

Жылына төрт немесе одан көп рет қынаптары уылатын әйелдердегісі қайталанатын кандидоз деп айтып жатады. Егер жүктілік кезінде уылу әдеттегі құралдармен кетіріле алмаса, емдеудің балама нұсқаларын қолдануға тура келеді.

Қынаптық уылу неден туындайды?

  • Қынаптық уылуды Candida Albicans ашытқы саңырауқұлағы тудырады. Бұл қарапайым бір жасушалы ағза, оны жұқтыру оңай, бірақ одан емделу қиын. Әйелдердің көбі тері мен қынапта тыныш қана өмір сүретін Candida ssp тасушысы болып табылады. Оларды «жақсы» бактериялар өз бақылауында ұстайды. Қалжырау, жүктілік немесе антибиотиктерді қабылдау сияқты өздеріне қолайлы ортада Candida барынша көбейіп, толыққанды жұқпаға айналады.

  • Уылу бактериялары денеңізде қайта өрбуге қолайлы жағдайды күтумен ұзақ уақыт ұйқыда жатуы мүмкін. Жүктілік кезінде қынаптың Ph-теңгерімінің сілтілігі артып, қышқылдылығы төмендейді. Негізінде, қынап жасушаларында Candida жақсы көретін гликогеннің жиналып қалуынан ол тәтті болады. Міне, сондықтан диабеті бақылауға алынбаған әйелдер қынаптың уылуына өте бейім келеді.

  • Жүктілік кезінде жағдайдың көбінде қынап бөлінділері көбейеді, соның салдарынан тұрақты ылғалды орта түзіледі. Candida жылы ылғалды ортада өсіп-өнеді, ал қынап – оның көбеюі үшін мінсіз орын. Қынаптағы уылудың дамуына жүктілік кезіндегі гормондық өзгерістер, соның ішінде эстрогеннің жоғары деңгейі де әсер етеді.

  • Иммундық жүйесі әлсіреген, стероидтар қабылдайтын немесе химиотерапиядан өтіп жатқан әйелдер де қауіп-қатер тобына кіреді.

Қынаптық уылудың белгілері қандай?

  • Сүзбедей іртік-іртік текстуралы ақ түсті қынап бөлінділері.

  • Ешнәрсені ойлауға мүмкіндік бермейтін қынаптың қатты дуылдап қышуы.

  • Қынаптың ауыруы және тітіркенуі.

  • Қынап тіндері мен қынап ерні ісіп кеткен болса, әсіресе қатты сезілетін несеп шығару кезіндегі ашып ауыру.

Қынаптың уылуы ұрықтануға кедергі келтіруі мүмкін бе?

Жоқ, қынаптың уылуы ұрықтылыққа әсер етпейді және жүктілік кезінде асқындырмайды. Қынап кандидозы қынап шырышы мен оның айналасындағы тері аймағына ғана таралады.

Қынаптың уылуы құрсақтағы балама зиян келтіре ме?

Кандидоздың болашақ балаға зиян келтіретініне ешқандай дәлел жоқ. Candida жатырға кірмейді және қынап пен оның айналасында ғана болады.

Қынаптың уылуы жаңа туған сәбиге зиян келтіруі мүмкін бе?

Егер қынап арқылы босанған кезде сізде кандидоз болса, сәбидің де саңырауқұлақ жұқтыру қаупі бар – уылу көбінесе ауыз қуысында (ақ түсті түйіндер немесе қабыршақ қалыптасады), сирек жағдайда шапта пайда болады. Егер емшек ұшы уылған болса, баланы емізу кезінде де ол Candida жұқтыруы мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз: осы жағдайлардың бәрі де емделеді және саңырауқұлаққа қарсы кремдер мен тамшылардың әсері өте жақсы.

EmptyView