Алғаш рет ана атануға дайындалып жатқан жандарға кеңес Алғаш рет ана атануға дайындалып жатқан жандарға кеңес
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Алғаш рет ана атануға дайындалып жатқан жандарға кеңес

Жүктілік – бұл әр әйел миллиондаған жауап іздейтін өте маңызды кезең. Баланы бауырыңа басатын кезге әбден дайындалғыңыз келеді! Дәрігерлердің негізгі ұсынысы – алғаш рет босанып жатқан әйел болса да, тәжірибесі бар әйел болса да, өзіне өте мұқият болуы керек. Бәлкім, жүктіліктің барлық кезеңі оңай өтіп, ешқандай жайсыздық сезінбеген де шығарсыз, бірақ әрдайым мұндай жағдай бола бермейді. Сондықтан өзіңізге қамқорлық жасау бірінші орында тұру керек.

Біз жас аналарды көп мазалайтын сұрақтарға жауап дайындадық:

Көптен күткен сәт қашан келер екен?

Тәжірибелі дәрігер нәрестенің туылатын күні бастапқыда есептелген күннен кейін екі апта өткен соң жоспарланатынын айтып, кеңес береді. Нәрестелердің тек 4%-ы ғана жоспарланған уақытта туылатыны дәлелденді, ал қалғандары кейінірек туылады екен. Негізінде, баланың дүниеге келетін күнін құпия ұстаған дұрыс, сонда алаңдамай, уайым-қайғысыз жүресіз.

Сәбидің дүниеге келетін ай-күнін ең жақын адамдарыңызға ғана айтыңыз, ал қалғандарына үндемей қойсаңыз түсінеді.

Босанудың ұзақтығы қандай?

Жылдам босану 4-5 сағатқа, қарқынды босану 2-3 сағатқа, табиғи босану мерзімі -12 сағатқа созылады. Кейде босану мерзімі тым ұзаққа созылады, мұндай жағдайда кесар отасын жасау туралы шешім қабылдануы мүмкін.

Маған қиын бола ма?

Бала туылғанға дейін ерте эмоционалды күйзелістің алдын алу үшін күнделікті өмірдегі басты міндетіңіз балаға қамқорлық болатындай қамдану керек. Туыстарыңызбен, күйеуіңізбен үй тазалау, кір жуу және тамақ дайындау жайында сөйлесіп көріңіз. Сізге олардың қолдауы қажет екенін түсіндіріңіз. Айналаңыздағы адамдар өздерінің сізге қажет екенін сезінуге, сізге қамқорлық жасауына мүмкіндік беріңіз, ал бұл кезде сіз нәрестеге барынша қамқорлық жасайсыз. Перзентханадан шыққаннан кейін бірден бәрін өз қолыңызға алатын қалыпты өмірге оралуға асықпаңыз. Осы бір қызықты кезеңдерден рақат алыңыз = мансабыңыз да, басқа істеріңіз де сізді күте тұрады. Жұмыс пен жауапкершілік өмір бойы сіздің мойныңызда болады, ал басшылар өзгереді, бірақ көзіңізді ашып-жұмғанша балаңыз өсіп кетеді.

Қандай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін?

Күн тәртібіңіз бен өміріңізді жаңа адамның қажеттілігіне қарай қайта құрған өте күрделі болмақ. Ана атанғаннан кейін бүлдіршініңіздің ыңғайына қарай тамақтанасыз, серуендейсіз, ұйықтайсыз және демаласыз. Жұмысыңызды бұрынғыдай толық жасауға уақыт жоқ деп өзіңізді кінәламаңыз. Бұл қалыпты жағдай, сондықтан бұл жағынан еш қысылмаңыз. Туыстарыңыз бен күйеуіңізге бірнеше сағатты қамтуы мүмкін қызықты кітап оқып ваннада жату, демалу еркелік емес, қажетті нәрсе екенін міндетті түрде айтуды ұмытпаңыз.

Бала емшек ембей қоя ма деп қорқамын.

Тәжірибесі жоқ аналар бұл кезеңде осындай қиындыққа тап болып жатады. Уайымдамаңыз, педиатр және анаңыз бұл мәселені шешуге көмектеседі, бәрін қалай дұрыс жасау керектігін айтады. Тіпті, емізу мүмкін болмай жатса, қазір басқа да ұсыныстар бар ғой, оларға жүгіну сіздің нашар ана екеніңізді білдірмейді. Қазіргі заманғы медицина мен технология ғажайыптар жасап жатыр емес пе?!

Өзіңізге, балаңызға құлақ асыңыз, түйсігіңіз сізді алдамайды!

Босанғаннан кейін жыныстық өмірді қалай қалпына келтіруге болады?

Қалыпты жүктілік жыныстық өмірге шектеу немесе қарсы көрсетілім бола алмайды. Бала туылғаннан кейін, әдетте, алты-сегіз апта өткен соң, ал ең дұрысы — гинекологтың тексеруінен кейін мұндай қатынасты жалғастыра беруге болады.

EmptyView