Қыздардың даму ерекшеліктері Қыздардың даму ерекшеліктері
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Қыздардың даму ерекшеліктері

Жыныстық жетілуден бұрын психомоторикасы жағынан қыздар ұлдардан озық болып кетеді (ертерек басын ұстайды, жүре бастайды және сөйлей бастайды). Әртүрлі психикалық функциялардың даму реті әртүрлі. Сонымен қыздар, әдетте ертерек сөйлей бастайды, бұл олардың әрі қарайғы интеллектуалды дамуына айтарлықтай әсер етеді. Кез келген қиындыққа тап болған қыз, ең алдымен, сөйлеуге сүйене отырып, тұжырымдау, талқылау (әңгімелесушілермен немесе өзімен-өзі, не болмаса ішкі әңгімелесу арқылы) арқылы шешуге тырысады.

Эмоционалды даму:

Ұлдар мен қыздардың эмоционалды көріністеріндегі айырмашылықтар да байқалады, бірақ онша айқын емес. Қыздар басынан кешкен эмоциясының мәні мен себебін жиірек сипаттай алады деуге болады. Сондай-ақ, қыздар өзара жанашырлық негізінде тұрақты топтардың қалыптасуына бейім.

Ұлдар мен қыздарды оқыту:

Қыздар шыдамды, олардың сөздік қоры көбіне кеңірек, ауызша нұсқауларды жақсы түсінеді.

  • Қыздар бірнеше мәселелерді қатар шеше алады,

  • Қыздар ауызша нұсқауларды жақсы қабылдайды

  • Қыздар көзбе-көз қарым-қатынасты қажет етеді.

  • Қыздар сыртқы тітіркендіргіштерге аз көңіл бөледі,

  • Қыздар бірнеше қадамнан тұратын күрделі нұсқауларды жақсы түсінеді, үлгі бойынша жақсы жұмыс істейді,

  • Қыздар бір тапсырмадан екіншісіне жылдам ауысуға қабілетті

  • Қыздардың есте сақтау қабілеті біршама ауқымды және есте сақтау қабілеті жақсы,

  • Қыздар көбінесе, сөз ойындарын ұнатады.

Жынысына байланысты гормоналды ая организмнің көптеген жүйелеріне, соның ішінде миға әсер етеді. Ғалымдар орта есеппен алғанда, ерлер мен әйелдердің кейбір аймақтарындағы мидың белсенділігі әртүрлі екенін анықтады. Мұның бәрі психологиялық айырмашылықтарға әкеледі: ойлау мен сөйлеуді дамыту, есте сақтау және қабылдау ерекшеліктері.

Алайда гендерлік «заңдар» баланың дамуына толығымен әсер ете алмайды, оның қандай ортада өмір сүріп жатқаны маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ биологиялық ерекшеліктер баланы жеке тұлға ретінде анықтай алмайды, оның тәжірибесі әлдеқайда маңызды.

EmptyView